Әлем

Іздеуде жүрген ресейлік Леонид Волков Америкада қор құрды

© AP Photo / Julio CortezНью-Йорк
Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Сарапшылардың пікірінше, жаңа қор Навальныйдың жақтастары үшін Stripe төлем жүйесі арқылы донаттарды қабылдау және америкалық үкіметтік ұйымдардан гранттар алу үшін қажет болады

Алексей Навальныйдың Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының* америкалық көшірмесі пайда болды. Ол Массачусетсте Anti-Corruption Foundation, Inc. (ACF) деген атпен тіркелген. Бұл қорға Навальный штабының** экс-басшысы Леонид Волков пен Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының атқарушы директоры Владимир Ашурков басшылық етеді.

Басқармаға мүшелікке сондай-ақ "Пробизнесбанктің" бұрынғы иесінің бірі Александр Железняк та кірді. Ресей оған банктен 28 миллиард рубль жымқырды деген айып таққан болатын.

Пресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2021
Навальный, Трамп, Қарабақ және вакцина – Лавров мәлімдемелері

Сарапшылардың пікірінше, жаңа қор Навальныйдың жақтастары үшін Stripe төлем жүйесі арқылы донаттарды қабылдау және америкалық үкіметтік ұйымдардан гранттар алу үшін қажет болады.

Anti-Corruption Foundation, Inc. коммерциялық емес ұйымы жақында, 2021 жылдың 27 шілдесінде ашылды. Мұны штаттың заңды тұлғалар тізіміндегі куәлік растап отыр. Осы дерек бойынша Леонид Волков, Владимир Ашурков пен Александр Железняк қор директоры ретінде көрсетілген. Волков ACF президенті болса, Ашурков вице-президент және қазынашы болды.

Ресейдің құқық қорғау органдары бұл үш азаматқа да халықаралық іздеу жариялаған. Ашурков Навальныйға донаттар жинау кезінде 10 миллион рубль жымқырды деген айыппен 2014 жылдан бері іздеуде жүр. Волков жасөспірімдерді заңсыз митингке тарту ісі бойынша осы жылдың ақпанынан бастап іздеуде.

Ал Железнякты "Пробизнесбанк" пен оған байланысты "Лайф" қаржы тобынан 28 миллиард рубль жымқырды деген күдікпен ресейлік тергеушілер 2017 жылдан бері іздеуде. Железняк Ресей бюджетіне үлкен шығын келтірді, себебі ол жасаған шығынды мемлекеттік Салымдарды сақтандыру агенттігі өтеді, деп санайды Navalny Leaks жобасының авторы Илья Ремесло.

Сарапшының айтуынша, Железняк Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры күрес жүргізетін тұлғаның нақ өзі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетіндер ірі көлемде ақша жымқырған адамды өз мекемелеріне басшы етіп қоюы тіпті түсініксіз әрі қызық жағдай болып отыр. Железняк мемлекеттен жымқырған миллиардтаған ақшаға зәулім үй сатып алып, оған Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорын жайғастырды", - дейді Ремесло.

Массачусетстегі ACF "шетелдік компания" ретінде тіркелген. Мұндай термин арқылы бастапқыда тіркелген штат немесе аймақтағыдан өзгеше бизнес жүргізетін компанияны сипаттайды. Массачусетс қоры негізінен Нью-Йорк қорының филиалы болып табылады.

"Шетелді жұмыс істеу, шетелдік донаттарды игеру және АҚШ-тың басқа штатында қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік корпорацияны тіркеу керек. Навальный қызметкерлері алдымен Нью-Йоркте ішкі заңды тұлғаны тіркеді де, одан кейін Массачусетстегі бөлімшені тіркеп, оны шетелдік корпорация деп атады", - дейді Ремесло.

ACF қоры бұл атауды 2021 жылдың 19 мамырында алғанымен, ұйым 2020 жылдың сәуірінде тіркелген. Ол шақта қор Rikolto, LTD деп аталған. Ресейлік прокуратура Навальныйдың Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорын экстремистік ұйым деп тану туралы сотқа талапарыз жолдаған кезде осы ұйым атауын өзгертті. 27 шілдеден бері Нью-Йорктегі ACF директоры Леонид Волков екені белгілі болды.

Россия вводит санкции против Германии и Франции из-за ситуации с Навальным - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2020
Видео
Ресей Навальный оқиғасына қатысты Германия мен Францияға қарсы санкция енгізеді – видео

Бірақ АҚШ-та заңды кеңсе өз атынан фирма ашып, оны қайта сату жиі кездеседі. Сондықтан 2021 жылдың мамырында Нью-Йорктегі заңды тұлға Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының қызметкерлерінің атына қайта рәсімделген болуы ықтимал. Бұл ұйымды нөлден бастап құруға кететін шығындарды есептегенде, сатып алушы үшін әлдеқайда тиімді жол. Сондықтан америкалық Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының негізін қалаушылар "дайын" Rikolto-ны жергілікті заңгерлерден сатып алып, өз атына аударған деуге негіз бар.

Сол шақта ұйымның заңды мекенжайы Бруклиннен Манхеттенге ауысқан. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры 12 қырлы 30 қабатты ғимаратта орналасқан. 2009 жылға дейін мұнда Goldman Sachs кеңсесі болған. Қазір ғимарат бизнес-орталық ретінде қолданылуда. Атау өзгергеннен екі ай өткен соң, 2021 жылдың шілдесінде Нью-Йорк қоры Массачусетс штатында бөлімше ашты.

Ұйымды құрудағы мақсат ретінде "АҚШ, Ресей, Еуропа және басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқық қорғау жобаларына қатысу" көрсетілген. Ресейлік БАҚ жазғандай, 2016 жылы 2279 шаршы метр аумақты алып жатқан бұл зәулім үйді 4,4 миллион долларға банкирдің жұбайы Ольга Железняк сатып алған.

Мұны растайтын құжаттар да бар. Үй Ресейде Железнякқа қарсы "Пробизнесбанктағы" қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалудан бір жыл бұрын сатып алынған. "Пробизнесбанк" жалған фирмаларға қайтарымсыз кредиттер беріп келген.

Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2020
Әлем
Лавров Навальный оқиғасына қатысты Еуроодақ санкциясы жөнінде пікір білдірді

Навальныйдың жақтастары бірінен кейін бірі шетелге кетуде. Волков пен Ашурков секілді олар ұзақ уақыт бойы шет мемлекетте тұрып жатыр. Алайда олар бас кеңсені ашу үшін АҚШ-ты таңдаған.

"Американы таңдауы кездейсоқ емес. Оларға америкалық Stripe компаниясымен келісімшарт жасау үшін заңды тұлға қажет. Бұл компания шетелдік Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорына түсетін төлемдердің операторы болып отыр", - дейді Илья Ремесло.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры 2021 жылдың маусымында, яғни сот бұл қорды және оған қатысы бар коммерциялық емес ұйымдарды экстремистік деп танығаннан кейін Stripe онлайн-төлемдер жүйесіне көшті. Себебі сот шешімінен кейін қорға қаражат жолдаған кез келген ресейлік "экстремизді қаржыландырды" деген күдікке ілінуі мүмкін еді.

Илья Ремесло америкалық серіктестерге қандай негізде жемқорларға қор ашуға рұқсат бергені туралы сауал жолдау қажеттілігін айтты. Ол осы мақсатта Мемлекеттік Дума комиссиясына, Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураға өтініш білдіруді жоспарлап отыр.

*Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры РФ Әділет министрлігінің 09.10.2019 жылғы шешімі бойынша шетелдік агент қызметін орындайтын Коммерциялық емес ұйымдар тізіміне енгізілген. Ұйым экстремистік деп танылған. Мәскеу қалалық сотының 09.06.2021 жылғы шешімімен оның жұмысына Ресей аумағында тыйым салынған.

** "Навальный штабтары" қоғамдық қозғалысы - ұйым экстремистік деп танылған. Мәскеу қалалық сотының 09.06.2021 жылғы шешімімен оның жұмысына Ресей аумағында тыйым салынған.

Жаңалықтар
0