Видео

Ресей Навальный оқиғасына қатысты Германия мен Францияға қарсы санкция енгізеді – видео

Жазылу
Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный төңірегіндегі оқиғаға байланысты Ресей Германия мен Францияға қарсы санкциялар енгізеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Жаңа шектеулер Франция мен Германия көшбасшысы аппаратының жетекші қызметкерлеріне қатысты болады.

Санкциялар қолдану шешімі қабылданғанын атап өткен Ресей сыртқы істер министрі ол туралы Мәскеу жақын арада француз және неміс әріптестеріне хабарлайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Вашингтон неліктен Тегеранға қарсы санкция енгізді?

Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық Одақ Ресейдің алты азаматына және мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтына Навальныйдың улануына байланысты шектеулер енгізген болатын.

Неміс билігі оппозиционер "Новичок" тобындағы улы заттардан уланған деп мәлімдеді, бірақ олар ешқандай дәлел келтірмеді. Ал Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Жаңалықтар
0