Әлем

Украиналандыру азаматтық соғысқа алып келді – құқықтанушы

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуФлаг Украины
Флаг Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Ольга Сухаревская, сыртқы саясат магистрі, құқықтанушы – Sputnik үшін

Тарих ауқымымен есептегенде отыз жыл қас қағым сәт секілді болады. Алайда Украина үшін бұл кезең түрлі қиындыққа толы болды. Себебі Еуропадағы ең дамыған мемлекеттің бірі бола тұра, азаматтық соғыс пен экономикалық құлдырауға дейінгі жолды жүріп өткен ел әлемде кемде-кем. Бұл дағдарысқа украиналандырудың да ықпалы зор болды. Орыстілді халыққа қысым көрсету көп адам ойлағандай, 2004 және 2014 жылғы көтерілістерден кейін емес, одан біраз бұрын басталған еді.

КСРО ыдыраған шақта қазіргі Украина халқының басым бөлігі орыстілді болатын. Украин тілі елдің батыс аймағында ғана кеңінен қолданылды. 1991 жылы Леонид Кравчук "Орыстарға қатысты украиналандыруды мәжбүрлеп қолдануға ешқанаш жол бермейміз. Ұлты бойынша шеттетудің кез келген әрекетінің жолы кесіледі" деп мәлімдеме жасаған болатын.

Пресс-конференция Виктора Януковича в Ростове-на-Дону - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Әлем
Экс-президент Виктор Янукович Украина халқына үндеу жасады
Алайда бұл уәде сөз күйінде қалды деуге негіз бар. Өйткені мектептегі білім беру жүйесінде украиналандыру қарқыны айқын көрініс тапты. Сонымен қатар тәуелсіздікті жариялағаннан кейін бірден барлық жоғары оқу орны мәжбүрлі түрде украин тіліне көшірілді.

1996 жылы Конституция қабылданып, құжаттың 10-бабында украин тілі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде көрсетілді. Дәл осы баптың 2-тармағында орыс тілінің еркін дамуына кепілдік берілді. 2012 жылға дейін 1989 жылы қабылданған "Украин КСР-дегі тілдер туралы заң" қолданыста болды. Оған сәйкес орыс тіліне ұлтаралық байланыс тілінің мәртебесі берілді.

Алайда 1997 жылы Украинаның сол кездегі президенті Леонид Кучма қоғамдық өмірдің барлық саласын заң тұрғысынан жаппай украиналандыруды бастады. Сол кезде "Украинада тілдерді дамыту және оларды қолдану туралы" заң жобасы пайда болды. Оған сәйкес мемлекеттік тілде ақпарат таратпайтын БАҚ-қа айыппұл салынып, олардың лицензиясы кері қайтарылды.

1999 жылы Конституциялық сот тіл дауына нүкте қойып, 10-бапқа түсіндірме жасады. Оған сәйкес мемлекеттік тіл ретінде украин тілі Украинаның барлық аумағында тек мемлекеттік билік органдарында ғана емес, барлық бұқаралық салада сөйлесудің міндетті құралы ретінде танылды.

Нәтижесінде 2012 жылы халық депутаттары Вадим Колесниченко мен Сергей Кивалов тілдер туралы жаңа заң дайындаған шақта Украинада орыс тілін шеттететін заңдар саны 70-тен асты және заңнамалық актілердің саны бірнеше мыңға жуықтады.

Кивалов пен Колесниченко заңы УКСР-дің тілдер туралы заңымен салыстырғанда орыс тілін өңірлік тіл деп жариялауға мүмкіндік берді. Украинаның оңтүстік-шығысындағы бірқатар жергілікті кеңес осы мүмкіндікті пайдаланды. Алайда 2014 жылғы көтеріліс барлығын жоққа шығарды.

Көтерілістен кейін украиналандыру жүйелі этноцидтік сипатта өрбіді. Бұл жай сөз емес. 1981 жылы Латын Амеркасында өткен ЮНЕСКО-ның этноцид және этникалық даму жөніндегі конференциясының шешіміне сәйкес "қандай да бір этникалық топқа өз мәдениеті мен тілін ұстануға, дамытуға немесе таратуға шектеу қою этноцид" ретінде қарастырылған.

Прямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Путин Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы туралы айтты
Майданнан кейінгі режим Украинада қырым татарлары, қарайымдар мен қырышақтардан басқаларға өз туған тілін қолдануды шектейтін заңдар жүйесін алып келді. Соның ішінде көп қысым көріп жатқан – орыс тілі.

Мысал ретінде орта білім беру жүйесінде ЕО ресми тілдерін қолданатындар мемлекеттік тілде негізгі орта білімді 5-сыныпқа дейін 20%, 9-сыныпта 40% деңгейінде қолдануы керектігін атауға болады. Ал орыстілділер сабақ уақытының 80%-ін украин тілінде өтуге міндетті болды.

Бұл жағдай адамдардың бір-бірінің сыртынан арыз жазуына, айыппұл салып, жұмыстан қуылуына алып келді. Сонымен қатар украин тілін қолданбаған азаматтарға қатысты Украинаның территориялық бүтіндігін бұзуға талпыну, терроризмді қолдау және Отанын сату түріндегі баптар қолданылды.

Адамдардың өзін орыс деп атауға жүрексінетінін әлеуметтану дәлелдеп тұр. Егер 1989 жылы Украинада халықтың 22,1%-і өзін орыс деп атаса, 2001 жылы бұл көрсеткіш 17,3%, 2018 жылы – небәрі 6% деңгейінде болды. Сонымен қатар адамдар өзінің орыс екенін "полиэтникалық" әдіспен бүркемелеуге тырысуы байқалады. Адамдардың 39%-і ғана өздерін орыс ұлтына жатады деп атаса, 30%-і өзін бірнеше ұлт өкілі ретінде атаған.

Бірнеше жылға созылған украиналандыруға қарамастан, Украина орыстілді болып қалып отыр. "Социальный мониторинг" жүргізген соңғы сауалнама бойынша елдегі халықтың 31,9%-і ғана үйде украин тілін қолданады екен. Бұл ресми сауалнама. Ал Google дерегіне сүйенсек, 2019 жылы орыс, украин және ағылшын тілдерінде Интернетте іздеу жүргізу сәйкесінше 86%, 10% және 4%-ті құрады.

2018 жылы PISA Халықаралық білім беру ұйымы тұңғыш рет Украинаны тестілеуден өткізді.

Егер украин мен ресейлік балды салыстырсақ, мынандай картина қалыптасады: оқу – Украинада 466 және Ресейде 79, математика – сәйкесінше 453 және 488, жаратылыстану ғылымдары – 469 және 478.

Келесі зерттеу 2021 жылы жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша осы қарқынға әділ баға беру мүмкіндігі туады. Алайда украин тілі бойынша емтиханнан құлап қалған оқушылар саны аз емес. 2018 жылы украин тілі мен әдебиеті бойынша тәуелсіз тестілеуден түлектердің 14,5%-і, ел тарихынан – 1,19%-і өте алмады.

Украин азаматтарының жаппай Ресейге қоныс аударуын да украиналандырудың салдары деп атауға болады. 2014 жылдан 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Украинаның 1 миллионнан астам тұрғыны Ресей азаматтығын алды.

Ең қызығы, украин тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Халықтың үштен бір бөлігі осы тілде сөйлесе, ол ұмыт болмайтыны анық. Бұл адамдардың өз тілінде білім алуы, ақпарат алып, қызмет алуы заңды. Алайда украин тілінің коммуникация құралы ретінде қалыптасуы репрессивті әдістерге емес, мемлекеттік тілде ұсынылатын контент сапасы мен мүмкіндіктерге тікелей байланысты. Нәтижесінде отыз жылға созылған этноцид тіл ландшафтын өзгертуге емес, азаматтық соғысқа алып келді.

Жаңалықтар
0