Әлем

Путин Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы туралы айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным
Прямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Путин, сондай-ақ Ресейде украин тілі мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарайтынын еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Украина Ресеймен серіктес болса, шынайы егемендікке қол жеткізетінін мәлімдеді.

"Ресей Украинамен диалогқа ашық және ең күрделі мәселелерді талқылауға дайын. Бірақ бізге серіктес өзгенің емес, өзінің ұлттық мүддесін қорғайтынын, бізге қарсы күресте біреудің қолшоқпары емес екенін түсіну маңызды", - деп жазды ресейлік президент "Орыстар мен украиндардың тарихи бірлігі туралы" мақаласында, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ ол Ресей украин тілі мен дәстүрлерін құрметтейтінін еске салды: Біз украин тілі мен салт-дәстүрлерін, украиндардың өз мемлекетін азат, қауіпсіз және бақытты ел ретінде көруге ұмытылысына құрметпен қараймыз".

Владимир Путин өз мақаласында жазушы Николай Гоголь мен ақын Тарас Шевченконың еңбектері сияқты, Ресей мен Украинаның ортақ мәдени мұрасын бөлу мүмкін емес екенін жазды.

Бұған қоса Ресей басшысы екі елдің экономикалық қарым-қатынасын атап өтті. Украина мен Ресей ғасырлар бойы бірыңғай экономикалық жүйе ретінде дамыды. РФ пен Украина – шынайы, бір-бірін толықтыратын экономикалық серіктестер, бұл байланыс бәсекелік артықшылықтарды күшейтуге қабілетті.

Бүгінде Украинаны сыртқы күштерге бергендер 1918 жылы осыған ұқсас шешім басқарушы режим үшін қатерге айналғанын еске ұстауға тиіс, деп мәлімдеді Путин.

"Соңғы жылдары Ресей мен Украина арасында, бір тарихи және рухани кеңістіктің бөліктері арасында пайда болған араздықты үлкен ортақ қайғы, трагедия ретінде қабылдаймын", - деп жазды Ресей басшысы.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Жуырда Путин Ресей мен Украина жайлы сараптамалық мақала жазуға, өзінің осы іске көзқарасын білдіруге уәде еткен еді. Ол орыстар мен украиндарды біртұтас халық деп санайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Ресей президенті оның мақаласымен екі елдің азаматтары да танысатынына үміттенетінін жеткізді.

Жаңалықтар
0