Ресейлік сарапшы: Украинадағы жағдайдан сабақ алу керек

CC BY-SA 2.0 / Hans Birger Nilsen / Kyiv seen from St. Andrew's churchВид на Киев с Андреевской церкви
Вид на Киев с Андреевской церкви - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
"Раушандар революциясының" нәтижесінде билікке келген Михаил Саакашвили реформалар топтамасын жүргізді. Либералдар мұны жоғары бағалағанмен, грузин эксперименті ақырында сәтсіз болды

МӘСКЕУ, 20 тамыз — Sputnik, Геворг Мирзаян, РФ үкіметі жанындағы қаржы университетінің доценті. Бірқатар мемлекет немесе мемлекеттер одағы қазіргі әлемде басқаларға үлгі бола алады. Мысалы, Еуроодақ бүгінгі күні ең тиімді интеграциялық бірлестік болып отыр. Ол адам баласы феодалдық жік-жікке бөліну жағдайында өмір сүруден бас тарта алуының және ғасырлар бойы бір-бірімен соғысып келген мемлекеттер үлкен мақсаттар үшін бірігуінің символына айналды.

Бір кездері АҚШ демократия мен сәтті дамудың үлгісі болды. Алайда қазір демократия мен адам құқығын қорғауды заң аясында шектемеудің теріс салдарының үлгісіне айналды. BLM мен MeToo сынды қозғалыстар бүгінде америкалық қоғамды қақ жарып отыр.

Ал Ресейдің қызметі басқа. Ол (Қытай және Түркиямен бірлесіп) батыс үлгісі бойынша демократия сәтті саяси жүйенің жалғыз жолы емес екенін паш етті. Ресей әр елдің өз дәстүрі, географиясы, өмір сүру деңгейі мен халық сұранысына қарай өз демократия үлгісі болуы керек екенін дәлелдеді.

Показывающие полдень часы на фоне опустевшей площади Майдан Независимости в Киеве в период пандемии коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Әлем
Сарапшы Украинадағы жағдай туралы: дефолт қаупі бар

Осы орайда Украинаны мысал етуге болады. Бүгінде Американың Украинаға қатысты үлкен жоспары болғаны ешкімге жасырын емес.

Вашингтон посткеңестік кеңістікте "даму мен демократияның" үлгісін құруды бұрыннан жоспарлап келді. Алайда авторитарлы мемлекеттік қас қағым сәтте заманауи өркениетті қоғамға айналдыру мұншалық оңай болмады.

Бұл Ресей қоғамын биліктен дәл осындай қадамға барып, өркениет пен дамуға жылдам жетудің сәтті мысалына айналуы керек еді. Ал бұл өз кезегінде Кремльдің Вашингтонға қатысты қарсылығын біршама бәсеңдетуі де мүмкін болар еді. Сонымен қатар АҚШ өзінің посткеңестік кеңістіктегі саясатын Ресейді тежеу призмасы арқылы қарастыратыны да құпия емес.

Америка дәл осындай "демократия үлгісін" алдымен Грузияда құруды жоспарлады. "Раушандар революциясының" нәтижесінде билікке келген Михаил Саакашвили реформалар топтамасын жүргізді. Либералдар мұны жоғары бағалағанмен, грузин эксперименті ақырында сәтсіз болды.

Оның себебі де көп болатын. Оның қатарында Саакашвилидің Оңтүстік Осетияға кіруі туралы шешімі және соның салдарынан ресейліктер мен грузиндер алдында беделінің түсуі, либерализмді қолдануды асыра сілтеп, астық импортына баж салығын алып тастаудың грузин ауыл шаруашылығына үлкен нұқсан келтіруі, Грузияда өзіндік даму ресурстарының тапшылығы да бар.

Осы тұста Украинаға назар аударылды. Себебі бұл ел о баста-ақ өзін "АнтиРесей" мемлекет ретінде қалыптастыруды көздеді. Бұл мақсат 2014 жылы елде болған көтерілістің салдарынан ерте жүзеге асты. Майданнан кейін құрылған билік либералды және демократиялық реформаларды іске қосты.

Пресс-конференция Виктора Януковича в Ростове-на-Дону - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Әлем
Экс-президент Виктор Янукович Украина халқына үндеу жасады

Украина елдегі русофобия тұрақты әрі өркениетті қоғам құруға кедергі екенінің, ол азаматтық қақтығыс пен азаматтық соғысқа алып келетінінің үлгісіне айналды. Украина ресейлік нарыққа салықсыз қолжетімділіктен айырылып қалды және Кремльдің жұмсақ позициясының арқасында ғана визасыз режимнен қол үзген жоқ және ауқымды экономикалық санкциялардан аман қалды.

Украина Вашингтон мен Брюссель тарапынан болатын қаржыландыруға үлкен үміт артты. Алайда бастапқыда Украинаға қолдау көрсеткенімен, қазір Батыс Ресеймен текетірестің мәні жоқ екенін және нәтиже бермейтінін түсініп жатыр. Сондқтан Батыс Мәскеумен ымыраға келуді қарастырып жатыр.

Ақырында русофобияны ұстанған Украина Ресеймен бетпе-бет жалғыз өзі қалуы әбден мүмкін. Алысқа бармай-ақ, күні кеше ғана Ауғанстанда, соның ішінде Кабул әуежайында болған жағдайды мысал етуге болады.

Жаңалықтар
0