Әлем

Сарапшы Украинадағы жағдай туралы: дефолт қаупі бар

© REUTERS / Gleb GaranichПоказывающие полдень часы на фоне опустевшей площади Майдан Независимости в Киеве в период пандемии коронавируса
Показывающие полдень часы на фоне опустевшей площади Майдан Независимости в Киеве в период пандемии коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
24 тамызда Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл күні Киевте патриоттық іс-шара – Қарулы күштер шеруі мен шоу өтеді

МӘСКЕУ, 19 тамыз – Sputnik. Сарапшылар қазіргі уақытта Украинаның экономикалық ахуалына алаңдап отыр. Себебі елдің қарызы көбейіп барады.

Украинаның мемлекеттік статистика ведомствосы жыл басынан бері тұтынушылық баға өсімі 6,5%-ті құрағанын мәлімдеді. Барлығы қымбаттап жатыр: шілденің өзінде қант бағасы 7%-ке, алкогольді ішімдік пен темекі өнімдері – 0,8%-ке, тұрмыстық техника – 0,4%-ке қымбаттады. 

0,6%-ке қымбаттаған  электр энергиясы мен газ да қалыс қалып жатқан жоқ. Байланыс (0,1%), көлік (1,1%) пен денсаулық сақтау саласындағы қызмет те (0,1%) қымбаттады. Украина Ұлттық банкінің болжамы бойынша жыл соңына дейін баға өсімі 9,6%-ке жетеді. Сондықтан билік орташа жалақының өсетінін жариялағанмен (2021 жылы ол расында да 423 доллардан 532 долларға дейін ұлғайды), көп украин бұл жалақы өсімін сезінбейді.

© SputnikОн жыл ішіндегі инфляция деңгейі
Сарапшы Украинадағы жағдай туралы: дефолт қаупі бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Он жыл ішіндегі инфляция деңгейі

Жалпы 10 жыл ішінде елдегі тауар құны 200%-ке қымбаттады. Қарапайым халықтың қарызы да айтарлықтай артты. Украиналықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі үшін 2 миллиард доллардан астам қаражат қарыз болып қалды. Соның ішінде электр энергиясы бойынша берешек көп. 

11 тамызда Украина президенті Владимир Зеленскийдің сайтында "мемлекет басшысы 2025 жылға дейінгі Экономикалық қауіпсіздік стратегиясын қабылдады" деген жаңалық жарық көрді. Бұл құжатта Ресейге үлкен мән берілген. Украина экономикасының құлдырауы Ресейдің жоспарлы іс-әрекетінің салдары ретінде көрсетілген.

Бірақ экономика ғылымдарының докторы, РФ үкіметі жанындағы Қаржы университетінің проректоры Алексей Зубец бұл тұжырымның экономикаға да, шындыққа да еш қатысы жоқ деп санайды. 

"Украина экономикасы үшін негізгі қауіп ол биліктің халық алдындағы әлеуметтік міндеттерді орындауға қатысты қиындықтар болып отыр. Ел бюджетінің жағдайы мәз емес. Көмір электр станцияларында электр өндіретіндіктен, Украинаға аса қажет көмір бағасының әлем нарығындағы бағасы шарықтауы да осыған дәлел", - дейді сарапшы. 

Энергетикалық стратегиялар қорының тең төрағасы Дмитрий Марунич те осы тектес пікір білдірді. Оның айтуынша, билік Ресеймен арадағы саудадан қанша қауіптенсе де, Украина ресейлік көмірден бас тарта алмайды.

"Егер Ресейден көмір жеткізбесек, онда ертең-ақ бүкіл Украинада жарық сөнеді. Мұны барлығы жақсы түсініп отыр. Ресейлік көмірді алмастыру мүмкін емес. Себебі басқа елдің шикізаты үшін көмірге ғана емес, тасымалдау үшін де қаражат төлеу керек болады. Оның үстіне порттар мұнша көлемдегі көмірді жеткізе алмайды", - дейді Марунич.

Алексей Зубец қазіргі проблемалардың туындауына көп жыл бұрын басталған процестер ықпал еткенін айтты. 

"Технологиялық тұрғыда күрделі өнім шығаратын экономика елге қажетті қаражатты бере алады. Бірақ Украинаның өнеркәсіптік әлеуеті төмендеді. Ал өнеркәсіптік фундамент болмаса, азаматтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету қиын болады", - деді ол. 

Украинадағы таратылған өнеркәсіптік нысандар саны өте көп. Елдегі бірқатар кәсіпорын ресейлік нарыққа бейімделді. Алайда 2014 жылы Украина Ресеймен қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдағаннан кейін, ол нысандар үлкен дағдарысқа тап болды. 

Соның салдарынан 2014 жылы белгілі Львов автобус зауыты жабылып, 2018 жылы Запорож автомобиль жасау зауыты өзін банкрот деп жариялады. Осы жылы Николаветағы Қара теңіз кеме жасау зауыты да ыдырады. 

"Южмаш" зымыран-ғарыш кәсіпорны да дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Өткен жылы Украина билігі "Южмаштың" жұмысшылар алдындағы қарызын өтеу үшін 8 миллион доллар бөлуіне тура келді. "Антонов" авиа зауыты 2016-2019 жылдар аралығында бірде-бір ұшақ шығармады. Ал өндірістің жаппай жабылуы Украина экономмикасына кері әсер етіп жатқаны анық. 

Пресс-конференция Виктора Януковича в Ростове-на-Дону - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Әлем
Экс-президент Виктор Янукович Украина халқына үндеу жасады

Қазір Украина астық өндірісін дамытып, ауыл шаруашылығындағы шетелдік инвесторларға үміт артып отыр. Алайда астық өндірі аса үлкен жұмыс күшін қажет етпейтінін түсіну керек. Сондықтан бұл сала украиндар үшін жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ете алмайды да, миграциялық дағдарыс жалғаса береді. 

Бүгінде 1,5 миллион украин табыс табу үшін Польшаға аттанған. Ресейде де украин мигранттарының саны біршама: 2016-2020 жылдар аралығында миллионға жуық украин Ресей азаматтығын алған.

Демографиялық жағдайдың мәз емес екеніне мемлекеттік статистика ведомствосының есебі де дәлел болып отыр: жыл басынан бері Украина халқының саны 180 мың адамға азайды және қазір 41,4 миллион адамды құрайды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 45 миллион адамды құрады. 

Егер демографиялық ахуал түзелмесе, 10-15 жылдан кейін елді дефолт күтіп тұр. Себебі елге адам ресурсы қажет деген пікір білдірді Украина Жұмыс берушілер федерациясы басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Павел Вернивский. 

"Ең алдымен зейнетақы қоры құлдырайды. Әрбір салық төлеушінің қарыз жүктемесі артады. Бұл дефол қаупін арттырады", - деп түсіндірді ол. 

© SputnikУкраина мен басқа елдердегі ЖІӨ өсімі
Сарапшы Украинадағы жағдай туралы: дефолт қаупі бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Украина мен басқа елдердегі ЖІӨ өсімі

Алексей Зубец те деволт қаупі жайлы пікір білдірді. "Қазір Украина 1996-1997 жылдардағы Ресейге ұқсап отыр", - деді ол. 

Украинаны КСРО-ның индустриалды көшбасшысына айналдырған адамдар қазір қартайды. Елде 11 миллионнан астам зейнеткер бар. Ал жаңа буын жұмыс таппай жүр. Себебі зауыттар мен кәсіпорындар жабылғаннан кейін жұмыс орны тапшы. 

Жаңалықтар
0