Қоғам

Кәсіпкерлер "жасыл" статусы барлар үшін той өткізуге рұқсат беруді сұрады

© Public DomainТорт, иллюстрациялық сурет
Торт, иллюстрациялық сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бизнес қауымдастық санитар дәрігерлердің тыйымдары кәсіпкерлерді заңсыздыққа итермелеп отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы пандемия кезіндегі бизнестің жұмысына қатысты бірқатар ұсыныстарын айтты.

Онда Ashyq жобасында "жасыл" статусы бар вакцина алған азаматтар үшін тойды ұйымдастыруға рұқсат беру жайында да айтылған.

Сонымен қатар Ashyq қатысушылыры үшін жұмыс аптасын ұзарту мен қатаң тыйымдардан бас тарту мәселесі көтерілген, деп жазды "Атамекен" сайты.

"16 тамызда бизнес үшін, соның ішінде Ashyq жобасына қатысушылар үшін демалыс күні локдаун енгізу жөніндегі талаптың мерзімі аяқталды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  мәліметінше, жобаға 111 мыңнан аса бизнес субъект қатысады. Карантинді бұзушылар саны 46 мыңға дейін артқаны анықталды. Жұмыс күндері "қызыл" статусы бар 2 мыңнан аса келуші тұрақты түрде анықталып жатыр. Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жартысынан көбі вакцинаның бірінші компонентін салдырды", - делінген ондағы ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қазақстан қыркүйектің соңына дейін 10 миллион адамды вакциналап үлгере ме

Соңғы екі апта ішінде «Атамекен» алаңында бизнестің, санитар дәрігерлердің,  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мамандарының қатысуымен бірқатар онлайн-конференция өтті. Бизнес өкілдері пандемия кезінде жұмысты ұйымдастыру туралы пікірлерін білдірді.

Жиналған ұсыныстарды талдау негізінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 21 тамыздан бастап:

  • Аshyq жобасына қатысушыларға сенбі күндері сағат 22:00-ге дейін, жоба лидерлеріне ("қызыл" аймақта) сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат ету;
  • Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасы бойынша Қарағанды қаласында "COVID-free" пилоттық жобасын іске қосу ("жасыл" статусы бар келушілер мен персонал үшін қоғамдық тамақтану орындарына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беру); 
  • "Жасыл" статусы бар қазақстандықтар үшін той өткізуге рұқсат етуді (іс-шараны алдын ала тіркеу бойынша және барлық персонал вакцина салдырған мекемеде 100 адамға дейін) ұсынады

Оқи отырыңыз: Ashyq-тағы "қызыл" статус: карантинді бұзғаны үшін жаза қатаңдатылады

"Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шешім шығарған кезде барлық аймақта Ashyq бойынша жұмыс істейтін субъектілер үшін бас мемлекеттік санитар дәрігердің бірыңғай қаулысын басшылыққа алуға шақырады. Ұлттық палата бизнестің адал болуы Ashyq жүйесі мен вакциналау науқанын, сырқаттану жағдайын тұрақтандыруға көмектесетініне сенімді. Керісінше, түрлі тыйымдар кәсіпкерлік субъектілерін "көлеңкелі" жолдарды  іздеуге итермелейді. Бұл инфекцияның жаңа ықтимал ошақтарын тудырады", - дейді палата өкілдері. 

 

 

Жаңалықтар
0