Инфографика

Қазақстан қыркүйектің соңына дейін 10 миллион адамды вакциналап үлгере ме

Жазылу
Қазақстан үкіметінің жоспары бойынша қыркүейктің соңына қарай 10 миллион адам немесе екпе салғызуға тиіс халықтың 100%-і коронавирусқа қарсы вакцина салдырады

Биліктегілер бірінші компонентпен вакциналауды меңзеген болуы керек.

Sputnik Қазақстан статистикаға үңіліп, вакциналаудың қазіргі қарқынымен күзде республикада қанша адамға вакцина салынауы мүмкін екенін анықтауға тырысып көрді.

17 тамыздағы ресми статистика бойынша 6 138 795 адам вакцинаның бірінші дозасын сағызған. 30 қыркүйекке дейін 44 күн қалды.

Сәйкесінше он миллиондық көрсеткішке жету үшін 3 861 205 тұрғынды вакциналау керек. Яғни ол үшін тәулігіне 87 754 адам екпе салдыруға тиіс.

Ал бүгінде Қазақстанда тәулігіне 48 882 адам вакциналанып отыр (өткен аптадағы орташа көрсеткіш). Сол себепті бізге вакциналау қарқынын арттыру керек. Олай болмаған жағдайда қыркүйектің соңында вакцинаның бірінші компонентін шамамен 8,2 миллион адам немесе екпе алуы керек халықтың 82%-і ғана салғызады.

Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Қоғам
Вице-премьер вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөнінде тапсырма берді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау ақпанда басталғанын атап өту керек. Бірінші кезеңде тек медицина саласының қызметкерлері, педагогтер, студенттер, қарулы күш саласының өкілдері, созылмалы ауруы бар адамдар мен вирус жұқтыру қаупі жоғары топтағы азаматтар екпе салғыза алды. Басқа қазақстандықтар үшін вакциналау сәуірдің басында ғана қолжетімді болды.

Сәуірдің алғашқы күндерінде вакцина алуға асыққандар қарасы көп бола қойған жоқ – бүкіл Қазақстан бойынша бір тәулікте екпе салдырғандар саны орта есеппен шамамен 23 мыңды құрады.

Вакциналау бойынша ең жоғарғы көрсеткіш шілденің басынан ортасына дейінгі кезеңде тіркелді – орта есеппен тәулігіне 85-86 мың адам вакцина алды. 1 шілдеде Қазақстанда қызмет көрсету саласының өкілдері үшін міндетті вакциналауды енгізу туралы алғаш рет жарияланған еді. Ол кезде 15 шілдеге дейін қызметкерлер коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын, ал 15 тамызға дейін екінші дозасын салғызуы керек екені белгілі болды. Сондықтан бір тәулікте вакцина салғызғандар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш осы шілдеде тіркелді: анығырақ айтсақ, демалыс күндеріне дөп келген 3-4 шілде (109 және 105 мың адам), 8, 9 және 10 шілде (113, 114 және 107 мың адам), сондай-ақ 13 және 14 шілде (114 және 115 мың адам).

Дәл осы шақта (маусымның соңы – шілденің басы) бүкіл Қазақстанда вакцина салғызғандар арасында пәтер, автокөлік, туристік жолдама, ақша, электронды техника сынды бағалы сыйлықтар бойынша ұтыс ойындарын өткізу басталды. Бірқатар жоғары оқу орны екпе алған студенттер мен оқытушыларға жатақханада тұруға жеңілдіктер, оқу ақысына жеңілдіктер, шипажайға демалыс, ақшалай қаражат және спорт орталықтарына тегін абонементтер жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Бірақ уақыттың тым аз болуына бизнес өкілдері наразылық танытып, нәтижесінде оны ұзартты: бірінші компонентті 10 тамыға  дейін, екіншісін 1 қыркүйекке дейін салғызу керек.

Вакцина салғызбаған қызметкерлерді анықтау 1 қыркүйектен басталатыны мәлім болды. Соның салдарынан екпе салғызу қарқыны қайтадан бәсеңдеп, тәулігіне 35 мың адамды құрады.

Павлодар, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Өңірлер
Павлодарда вакциналау паспортын сатып алған әйел қиын жағдайға тап болды
Енді жоспарға қол жеткізу үшін Қазақстан шілдедегі қарқынға қайта оралып, күн сайын орта есеппен 86 мың адамға бірінші компонентті салуы керек. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге жаңа оқу жылының басталуы оң ықпал етуі әбден мүмкін.

Премьер-министр Асқар Мамин 25 тамызға дейін педагогтер мен мектептегі техникалық қызметкерлерді (жақында ғана коронавируспен ауырған және екпе салғызуға медициналық себебі бар адамдарды есепке алмағанда) 100 процент вакциналауды тапсырды. Ал денсаулық сақтау министрлігі студенттер (18 жастан асқан), педагогтер мен қызметкерлері жүз процент вакциналанбаған жоғары оқу орындары мен колледждер онлайн режимде оқитынын ескертті.

Қыркүйекте қызмет көрсету саласына жүргізілетін тексерулер де оң нәтиже беруі мүмкін.

Сонымен қатар Pfizer вакцинасын сатып алып, балалар мен жүкті әйелдерді ерікті түрде вакциналау жоспарланған. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ұсынған соңғы ақпарат бойынша Pfizer осы топтағы адамдар үшін қазаннан бастап қана қолжетімді болады.

Жаңалықтар
0