Өңірлер

Павлодарда вакциналау паспортын сатып алған әйел қиын жағдайға тап болды

© Sputnik / Баубек КоныровПавлодар, архивное фото
Павлодар, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Коронавируспен ауырған Павлодар тұрғыны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды, оның жағдайы ауыр

ПАВЛОДАР, 12 тамыз – Sputnik. Павлодарда коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен науқас жалған вакциналау паспортын сатып алғанын мойындады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов.

"Луначарский көшесіндегі ауруханада (кардиологиялық орталықтың уақытша бөлімі – Sputnik) жалған вакциналау паспортын сатып алған әйел жатыр. Оны өзі де, туыстары да мойындады. Ол қазір жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. 61 жастағы науқастың жағдайы ауыр", - деді спикер.  

Сонымен қатар басқарма басшысы дәрігерлер үнемі азаматтарды жалған вакциналау паспортын сатып алмауға шақыратынын айтты. Бұл адамдардың аурухана төсегіне таңылуына әкеліп соқтырады.

Бұған дейін хабарланғандай, Павлодарда вакциналау паспортын қолдан жасап, электронды мәліметтер базасына жалған ақпарат енгізіп, кейін оны үшінші тұлғаларға сатқан емханалардың бірінің дәрігерлері ұсталды. Бірақ ауруханада жатқан әйел жалған құжатты Павлодарда алмадым деп отыр.  

Жаңалықтар
0