Қоғам

Ashyq-тағы "қызыл" статус: карантинді бұзғаны үшін жаза қатаңдатылады

© Sputnik / Владислав ВодневAshyq қосымшасы
Ashyq қосымшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Президент коронавируспен ауырса да, қоғамдық орындарға баратын қазақстандықтардың жауапсыздығы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вирус жұқтырғанын біле тұра, карантинді бұзатын адамдар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.

Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңес өткізді.

Президент ұжымдық иммунитетке қол жеткізбей, бизнес үшін санитарлық шектеулерді толығымен алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті. Алайда пандемия жағдайында Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.

"Дегенмен соңғы уақытта қоғамдық орындарға баратын "қызыл" және "сары" статустағы адамдар, яғни вирус жұқтырғандар мен науқаспен байланыста болғандар саны өсіп барады. Бағдарлама оларды тіркеген бойда, жауапсыз азаматтар бірден басқа демалыс орындарын іздейді", - деді Тоқаев кеңесте.

Президент мұндай жауапсыз қазақстандықтар айыппұлдан қорықпайтынын, өйткені ешкім оларға айыппұл салмайтынын айтып ашуланды.

"Жүйеде ЖСН мен иммундық мәртебе бар емес пе. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантиндік шектеулерді сақтамағаны үшін талаптарды қатаңдатуды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Ashyq жүйесін кеңейту және оның жұмысын күн сайын бақылау маңызды екенін мәлімдеді.

"Кәсіпкерлік нысандарын Ashyq жобасына қосу ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпарат бар. Бұл жүйе операторы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы екеніне қарамастан", - деп жалғастырды президент.

Тағы оқыңыз: Тоқаев вакцина салдыруға мәжбүрлеу жайлы: біз бұған бармаймыз

Ол Ashyq жүйесіне қосылғысы келетін нысандар үшін талаптарды жеңілдетуді тапсырды.

"Мемлекет Ashyq және өзге де цифрлық құралдарды қолданатын бизнесті қолдауға тиіс. Бір жағынан, мониторингтің осыған ұқсас шараларын елемейтін кәсіпкерлерді қатаң жазалау керек. Бұл мәселе әкімдердің ерекше бақылауында болуы қажет", - деп түйіндеді Тоқаев.

Бұған дейін президент вакцина паспортын қолдан жасағандарды қатаң жазалауды тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0