Тәлібтер солтүстік провинциялардың астанасын басып алып жатыр

© AFP 2024 / JAVED TANVEER Афганские полицейские сидят на бронетранспортере на блокпосту в районе Панджвай провинции Кандагар после того, как талибы захватили ключевой район в их бывшем бастионе Кандагар после ожесточенных ночных боев с афганцами.
 Афганские полицейские сидят на бронетранспортере на блокпосту в районе Панджвай провинции Кандагар после того, как талибы захватили ключевой район в их бывшем бастионе Кандагар после ожесточенных ночных боев с афганцами. - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Тәлібтердің Ауғанстанның солтүстік провинцияларының бес әкімшілік орталығын басып алуы Орталық Азиядағы іргелес жатқан елдер үшін үлкен қауіп төндіріп отыр

Бұл босқындар санының артуына және ауқымды гуманитарлық апаттың болуына алып келуі ықтимал. 8-10 тамыз аралығында "Талибан"* елдің оңтүтік-шығысындағы Нимроз провинциясын есепке алмағанда солтүстіктегі Кундуз, Сари-Пуль, Джаузджан, Саманган, Балх провинцияларының астанасын басып алды. Джаузджан, Балх пен Кундуз Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен шекараласып жатыр.

АҚШ әскерилері, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2020
АҚШ өз әскерлерін Ауғанстан аумағынан неге шығарып жатыр
Әскери-діни қозғалыс жыл басынан бері бірқатар провинцияда үкіметтік күштерден басым түсіп отыр. Алайда олардың солтсүтікті де өз бақылауына алуы күтпеген жағдай болды. Себебі мұнда "Талибан"* позициясы барлық уақытта орталық және оңтүстік өңірлерге қарағанда әлсіздеу болды. Тәлібтер билікке келген 1996-2001 жылдар аралығында "Солтүстік коалиция" күштерімен елдің бір бөлігі террористерге берілмей келді. Панджшер шатқалында сол кезде жүз мыңдаған босқын тығылып жатты. Олар тәлібтердің "заңымен" өз үйлерінде тұрудың орнына еркіндікті таңдады. Ал қазір босқындар үшін бас сауғалайтын басты орын ретінде тек Кабул мен көрші елдердің территориясын атауға болады.

Бадахшан, Тахар, Кундуз, Джаузджан, Герат, Гильменд және Кандагарды қоса алғанда 18 провинцияда үкіметтік күштер мен экстремистер арасында қиян-кескі қақтығыс жүріп жатыр. Оның салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын мерт болып, 57 мыңнан астам отбасы өз үйін тастап қашты. Кабулда босқындар наразылық білдіріп, үкімет пен БҰҰ-дан көмек талап етуде. Ауғанстан Ислам Республикасы білім беру министрлігінің мәліметі бойынша әскери қақтығыстар күшейіп, тәлібтер шабуылы артқан уақыттан бері оқушылардың 42%-і білімнен қол үзіп қалған.

Гуманитарлық апатқа қатысты алаңдап отырған Пентагон қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Ол В-52 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары арқылы тәлібтер орналасқан аумаққа бомба тастады. Алайда мұндай әдіс 20 жылдан бері тәлібтерді кері шегінуге мәжбүрлей алмаған. АҚШ пен НАТО әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін бұл бомбалау тек амалсыздық пен саяси әрекетсіздіктің көрінісі секілді.

Ауған бағыты бойынша әрекет етудің нақты жоспары Вашингтонда жоқ. АҚШ-тың әскери-әуе күштері Парсы шығанағындағы Әл-Удейд авиабазасынан тәлібтерге авиасоққы жасауды жалғастырып жатыр. Бірақ Пентагон Кабулдың тәлібтерге тез берілуіне заманауи қару-жарақ пен күш құрылымының мүмкіндіктерін пайдалана алмаған қазіргі билік кінәлі болады деген мәлімдеме жасады.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Саясат
Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Жергілікті менталитет пен шынайы жағдайды есепке алмастан НАТО стандарты бойынша жүргізілген әскери әрекеттердің еш нәтиже бермегенін америкалықтар ешқашан мойындамайды. Defense Priorities америкалық анатиликалық орталықтың директоры Бенджамин Фридман "мемлекетті қалыптастыру миссиясы құрдымға кетті, ал мемлекет қауқарсыз болғанда соғысуға қабілетті әскер құру мүмкін емес" дегенді айтты.

Тәлібтер қалаларды басып алу кезінде қарсыластан тартып алған броньді техника мен арнайы мақсаттағы өз жасақтарын қолданып жатыр. Күні кеше Өзбекстан мен Түрікменстанға жақын орналасқан Шеберган провинция орталығы да экстремистердің қолына түсті. Ол осыған дейін содырлардан жоғары деңгейде қорғанып, "Талибанның"* басты қарсыласы – маршал Абдул-Рашид Дустум штабының дислокация орнына айналған болатын.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстан бойынша шұғыл отырыс өткізді. БҰҰ ауған миссиясының басшысы Дебора Лайонс қала аумағына шабуыл жасау бейбіт тұрғындардың көп мерт болуына алып келуі мүмкін екенін ескертіп, Ислам Эмиратының құрылуы АҚШ үшін тиімді емес екенін айтты. Вашингтон мен Лондон өз азаматтарын қауіпті Ауғанстаннан тез арада кетуге шақырды.

АҚШ пен НАТО "Талибанды"* шабуылдаудан бас тартуға көндіруге тырысып көреді. 10 тамызда альянстың ресми өкілі "тәлібтер өз шабуылдарын тоқтатып, бейбіт келіссөзге қатысуды қолға алуы керек" деген пікір білдірді. Солтүстік атлантикалық альянс террористерді қарулы күресті доғаруға шақырып отыр. Әйтпесе халықаралық қауымдастық олардың тәуелсіздігін мойындамайтын болады. Бірақ Кабулдың тәлібтердің бақылауына өтуіне аз уақыт қалғаны анық. Одан кейін Ауғанстан территориясынан бағытталған халықаралық терроризм Батыс Еуропаға көз тігетін секілді.

10 тамызда Дохада Ресей, Қытай, Пәкістан, АҚШ пен "Талибан"* өкілдерінің қатысуымен Ауғанстан бойынша келіссөз басталды. Оның қорытындысы жайлы болжам жасау қиын, бірақ Ауғанстандағы соғыс жалғаса беретін түрі бар. Себебі келісімге келуді құптайтын, ислам елінің билігіне келгенде қару кезенуді доғаратын тәлібтерді елестету мүмкін емес.

Жақында ғана Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан қарулы күштер, броньді техника мен соққы жасаушы авиацияны қолдану арқылы Ауғанстан шекарасының жанында бірлескен әскери маневрлер топтамасын өткізді. Сонымен қатар Мәскеу Орталық Азия елдеріне қару-жарақ жеткізу көлемін арттырып, ұлттық қарулы күштерге қолдау көрсетуде.

Ресей Тәжікстандағы 201-ші әскери базаны айтарлықтай нығайтып, оны жаңа броньді және ұзақ қашықтыққа ұшатын техникамен толықтырды. Армия төтенше жағдайға толық дайындықта тұр.

* – Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0