Саясат

Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Ашраф Ғани өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Қоғам
Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақтыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанды терроризмнен және заңсыз есірткі тасымалынан ада, біртұтас, бейбіт, бейтарап ел ретінде қалыптастыру жолында барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін жедел шешуге бағытталған диалогты жандандыру керек.

Ашраф Ғани ауғанішілік диалогты дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы ықпалдастық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Сонымен қатар Ашраф Ғани Ауғанстандағы ахуалды реттеуге жұмылдырылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.

Жаңалықтар
0