Орталық қолбасшылық басшысы генерал Фрэнк Маккензи жақында ғана Таяу Шығыста өткен іссапары кезінде америкалықтардың орнын қытайлар мен орыстар басады деген болжам жасаған болатын. Вашингтон өз назарын Шығыс Азияға қарай аудармақамери. Бұл хусит көтерілісшілерімен күресте Вашингтонның күшіне сенім артып отырған саудиттер үшін тиімді емес, дейді генерал.
Алайда Қытайды үлкен көңіл бөлуге тұрарлықтай қауіп ретінде бағалаған Маккензи Америка жаһандық держава ретінде тереңірек ойланып барып әрекет ету керек екенін еске салды. Оның ойынша, Ресей Бейжіңді қару-жарақпен толық қамтамасыз етуге дайын, деп жазды РИА Новости.
Министр Қытай мұнай нысандары мен теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі туралы көпжақты диалог алаңына айналуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Ван И ҚХР-дың ішкі мәселелеріне араласпағанына және Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданындағы "терроризмге қарсы шараларды" қолдағаны үшін араб елдеріне алғыс білдірді.
Тегеранмен 25 жыл бойы мұнай жеткізуді көздейтін келісімге қол қойды. Иранның энергетикалық және көлік инфрақұрылымына Қытайдың 400 миллиард доллар инвестиция салуға дайын екені туралы бір жыл бұрын белгілі болды. Жалпы Қытай Таяу Шығыстағы жобалары жайлы толық мәлімет таратуды қаламайды.
"Бір белбеу – бір жол" бастамасы аясындағы басқа жобалар жайы бүкіл әлемге жария етіп хабарланғанымен, Таяу Шығыс елдерімен өзара іс-әрекет туралы құжаттар толық жарияланбайды. Сондықтан Әбу Даби ұлттық әл-ауқат қорының жасанды интеллект зерттеулерімен айналысатын SenseTime қытай компаниясы туралы да ақпарат аз.
Жалпы Иран Қытайдың бұл өңірдегі жалғыз серіктесі емес. Мұнай жеткізу, сауда айналымының көлемі, тікелей инвестициялар мен қару-жарақ саудасы бойынша Сауд Арабиясы мен Ирак Тегераннан асып түседі.
Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесі таяушығыстық жобалар менеджері Руслан Мамедов Қытайдың араб елдерімен етене араласуы америкалықтардың титығына тиіп отырғанын айтты.
"Өңірлік және әлемдік деңгейде түбегейлі өзгеріске ұшырап жатқан қазіргі жағдайда барлығы да кері шегініп, ымыраға келуге ұмтылу керек. Таяу Шығыс елдерінің Қытайға қатысты көзқарасы оң сипатта. Олар АҚШ әлемдік гегемонияны орната отырып, ондаған жыл бойы өз қалауын жасап келгенін жақсы түсінеді. Қарсылық білдіруге тырысқан Ирактың бүгінгі түрі мынау. Елде хаос орнаған", - дейді Руслан Мамедов.
Ал ММХҚИ ХҚЗ перспективалы америкалық зерттеулер орталығының директоры Максим Сучков АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықпалын түбегейлі жоққа шығаруға әлі ерте екенін айтады. Оның пікірінше, Америка Қытай және Ресеймен арадағы қарсылығы арқылы Таяу Шығыстың маңыздылығын көрсеткісі келеді.