Қоғам

Қазақ-қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады – ҰҚК себебін айтты

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуШекаралық мұнара, архивтегі сурет
Шекаралық мұнара, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Жазылу
Дүйсенбі, 14 маусымда Қытай халқы "Дуань-У" мерекесін тойлайды, осыған байланысты өткізу бекеттерін уақытша жабу туралы шешім қабылданды

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы" және "Достық" автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылады.

Несмотря на карантин, логистические перевозки не останавливаются - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Экономика
"Бір жылға жуық кептелісте тұр": депутат қазақ-қытай шекарасындағы жағдайға ашынды
ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткізу бекеттері 2021 жылдың 14 маусымында жұмыс істемейді.

Бұл Қытай тарапының "Дуань-У" (айдаһар қайықтары мейрамы) мерекесін тойлауына байланысты қабылданған шешім.

Қазір қазақ-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автомобиль ("Нұр жолы", "Достық", "Бақты") пункті жұмыс істейді. Карантинге байланысты олар тек жүк пен тауар өткізеді.

ҰҚК көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көліктерінің қозғалыс уақытын алдын ала түзету қажет екенін еске салды.

Жаңалықтар
0