НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті, елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
"Біздің бұзылмас достығымыздың айқын мысалы – COVID-19 пандемиясының таралуының қиын кезеңіндегі өзара қолдаудан да көрініс тапты", – деді Тоқаев.
Ол қытай тарапына жақында Қазақстанға CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы әкелінгені үшін алғыс айтып, мұның біздің елімізде жүргізіліп жатқан жалпы ұлттық вакцинация науқанына үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, ДДҰ осы вакцинаны шұғыл қолдануды мақұлдады, басқалары Қазақстанда қолжетімді емес.
Си Цзиньпин қазақстандық әріптесінің екіжақты стратегиялық серіктестіктің жай-күйіне және осы қиын уақытта көрсетілген өзара көмекке қатысты пікірді жылы қабылдады.
"Екі ел арасындағы ынтымақтастық форматы ерекше және Қытайдың көршілес өзге елдермен мұндай қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған", – деді Қытай басшысы.
Қытай Халық Республикасының төрағасы коронавирус салдарынан бұрын-соңды болмаған әлемдік жабдықтау тізбектерінің үзілуге шақ қалған кезде өзектілігін сенімді түрде дәлелдеген "Бір белдеу және бір жол" бастамасын жүзеге асыруда Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қытайда қазақ композиторына көше аты беріліп, ескерткіш орнатылды – фото
Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көлік маршруттарын одан әрі әртараптандыруға деген берік міндеттемесін растады. Ол сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль және теміржол бақылау-өткізу пункттерінің қалыпты жұмысын тез арада қалпына келтіруді, сондай-ақ тұрақты әуе байланысын іске қосу қажеттігін айтты. Бұл қадам екі елдің бизнес қауымдастығы мен жалпы қоғамы үшін қуатты серпін болатынын алға тартты.