Мәдениет

Қытайда қазақ композиторына көше аты беріліп, ескерткіш орнатылды – фото

© Photo : CC0 / Steve BuissinneФортепиано
Фортепиано - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Бақытжан Байқадамов – қазақ композиторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол Қазақстанда хор әні жанрының дамуына үлкен үлес қосты

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Гуанчжоуда қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамовтың құрметіне көше атауы берілді. Бұл туралы композитордың қызы Алуа Байқадамова желідегі парақшасында жазды.

Сонымен қатар, көше бойында ескерткіш те орнатылды.

© Photo : Алуа Байкадамованың парақшасынанҚытайда қазақ композиторына көше аты беріліп, ескерткіш орнатылды
Қытайда қазақ композиторына көше аты беріліп, ескерткіш орнатылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Қытайда қазақ композиторына көше аты беріліп, ескерткіш орнатылды

"Гуанчжоуда біздің композитор әкеміз Бақытжан Байқадамов туралы естелік мәңгілікке жазылды. Бір көше оның құрметіне аталып, ескерткіш орнатылды. Ұлы Отан соғысы кезінде әкем Қытайдың ұлы композиторы Си Син Хайды құтқарған болатын", – деп жазды композитордың қызы Алуа Байқадамова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Бақытжан Байқадамов – қазақ композиторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол Қазақстанда хор әні жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Ең маңыздысы – ұлттық хор полифониясының өзіндік тәсілдерін қамтитын "Бейбітшілік үшін" шығармасы.

Оқи отырыңыз: Назарбаев өзіне тағы бір ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, Байқадамов "Айгүл" эстрадалық ансамблін ұйымдастырды. Бүгінде Қазақ хор капелласы оның атымен аталады.

Жаңалықтар
0