Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жасанды интеллект: Ай-Да салған суреттер – фото

Жазылу
Жасанды интеллектісі бар әлемдегі алғашқы суретшінің жаңа туындылары өнертанушылар мен жалпы әсемдікті сүйетін жанды бей-жай қалдырмайды

Робот-суретші Ай-Да ұсынған автопортреттер топтамасын көптеген сыншылар көркемдік құндылығы жоғары деп бағалады.

Ай-Да 2019 жылы құрастырылғаннан кейін TEDx конференциясында баяндама жасап, бүгінде жеке көрмесі аясында қызу еңбектеніп жатыр. Роботты құрастырушылар адамгершілік пен технология арасындағы шекара жайында адамдарға ой салуды өз мақсаттары деп танитындарын айтты.

Ал Ай-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.

Оқи отырыңыз: Istanbul Photo Awards-2021 фотобайқауы: қандай сурет жеңімпаз атанды – фото

Роботтың автопортреттері көрерермен назарына ұсынылған Лондон музейіндегі Ай-Да көрмесін ұйымдастырушылардың бірі жасанды интеллекттің рөлі туралы пікірталас бүгінде өте өзекті болып отырғанын айтты. Бұған адам баласының пандемияға байланысты екінші жыл қатарынан үйқамақта отыруы кезінде жасанды интеллект ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануы да себеп.

Суретшілердің пікірінше, "Ай-Да: робот портреті" көрмесі автопортрет мәселесінде сұрақтарға түрткі болып, адамзат пен өнердің арасындағы сәйкестікке қатысты күмән тудырып отыр. Ай-Да жұмыстары ішкі "мен" дегені жоқ адамның "селфиін" бейнелей отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

© AFP 2024 / Glyn KirkЖасанды интеллектісі бар андроид-суретші Ай-Да бірнеше компанияның бірлескен еңбегі мен жасанды интеллект саласындағы ең заманауи технологияларды пайдалануы арқасында құрылды. Оны құрастыру аясында бағдарламашылар, робототехника мамандары, өнер психологтары жұмыс істеді.
Художник-робот с искусственным интеллектом Ай-Да со своим автопортретом в Лондоне  - Sputnik Қазақстан
1/8
Жасанды интеллектісі бар андроид-суретші Ай-Да бірнеше компанияның бірлескен еңбегі мен жасанды интеллект саласындағы ең заманауи технологияларды пайдалануы арқасында құрылды. Оны құрастыру аясында бағдарламашылар, робототехника мамандары, өнер психологтары жұмыс істеді.
© AFP 2024 / Glyn KirkЛондонда Ай-Да картиналарының көрмесі ұйымдастырылып қана қоймай, сондай-ақ әлемдегі ультра шынайы робот-суретшіні құрастыру туралы мағлұмат беретін стендтер де көрермен назарына ұсынылған.
Выставка, показывающая создание первого в мире ультрареалистичного художника-робота Аи-Да, Лондон  - Sputnik Қазақстан
2/8
Лондонда Ай-Да картиналарының көрмесі ұйымдастырылып қана қоймай, сондай-ақ әлемдегі ультра шынайы робот-суретшіні құрастыру туралы мағлұмат беретін стендтер де көрермен назарына ұсынылған.
© AFP 2024 / Niklas Halle'nГалерея директоры және өнертапқыш Эйдан Меллер суретші-робот Ай-Дамен бірге суретке түсіп тұр. Оған бұл есім тұңғыш бағдарламашы саналатын ағылшын математигі Ада Лавлейстің құрметіне берілген.
Директор галереи и изобретатель Эйдан Меллер позирует с художником-роботом-гуманоидом Ай-Да - Sputnik Қазақстан
3/8
Галерея директоры және өнертапқыш Эйдан Меллер суретші-робот Ай-Дамен бірге суретке түсіп тұр. Оған бұл есім тұңғыш бағдарламашы саналатын ағылшын математигі Ада Лавлейстің құрметіне берілген.
© AFP 2024 / Glyn KirkАй-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.
Три автопортрета, созданные первым в мире ультрареалистичным художником-роботом с искусственным интеллектом, Ай-Да, Лондон  - Sputnik Қазақстан
4/8
Ай-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.
© AFP 2024 / Niklas Halle'n"Біздің мақсатымыз – сіздерге сұрақтар қоюда батылдық танытып, жаңа технологиялар игі немесе теріс мақсатта қолданылып жатыр ма, осы жайында ұжымдық сипатта ой салып, бүгінде зақымдалып жатқан қоршаған орта мен қамаудағы жануарлар жайын еске салу", - дейді Ай-Да роботын құрастырушылар. Суретте: жасанды интеллектісі бар суретшінің жұмысы 2019 жылы Ай-Да роботтың "Қамсыздандырылмаған фьючерстер" атты жеке көрмесінде ұсынылды.
Работа художника-робота-гуманоида Ай-Да - Sputnik Қазақстан
5/8
"Біздің мақсатымыз – сіздерге сұрақтар қоюда батылдық танытып, жаңа технологиялар игі немесе теріс мақсатта қолданылып жатыр ма, осы жайында ұжымдық сипатта ой салып, бүгінде зақымдалып жатқан қоршаған орта мен қамаудағы жануарлар жайын еске салу", - дейді Ай-Да роботын құрастырушылар. Суретте: жасанды интеллектісі бар суретшінің жұмысы 2019 жылы Ай-Да роботтың "Қамсыздандырылмаған фьючерстер" атты жеке көрмесінде ұсынылды.
© AFP 2024 / Glyn KirkМеханикалық қолдары бар суретшінің айтуынша, ол автопортрет салуға 45-75 минут уақыт жұмсайды.
Художник-робот-гуманоид Ай-Да и его работа - Sputnik Қазақстан
6/8
Механикалық қолдары бар суретшінің айтуынша, ол автопортрет салуға 45-75 минут уақыт жұмсайды.
© AFP 2024 / Niklas Halle'nАй-Да бұл суреттерді роботтандырылған қолдарымен салады. Ол үшін жасанды интеллекттің арнайы алгоритмдері әзірленді.
Ай-Да, искусственный робот-художник-гуманоид, рисует портрет своего создателя Эйдана Меллер - Sputnik Қазақстан
7/8
Ай-Да бұл суреттерді роботтандырылған қолдарымен салады. Ол үшін жасанды интеллекттің арнайы алгоритмдері әзірленді.
© AFP 2024 / Niklas Halle'nРобототехника, программалау, жасанды интеллект саласындағы бірнеше британдық компания құрастырған робот-суретші Ай-Даның алғашқы туындыларының бірі.
Работа художника-робота-гуманоида Ай-Да - Sputnik Қазақстан
8/8
Робототехника, программалау, жасанды интеллект саласындағы бірнеше британдық компания құрастырған робот-суретші Ай-Даның алғашқы туындыларының бірі.
Жаңалықтар
0