23:23 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
"Ана махаббаты" суреті, авторы – Бангладеш азаматы Мохаммед Шаджахан. Ол Istanbul Photo Awards 2021 байқауының "Жеке жаңалықтар" санатында алғашқы болды.

Беделді Istanbul Photo Awards-2021 халықаралық байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Аталған шараны түріктердің ірі ақпарат агенттігі – "Анадолу" (Anadolu) ұйымдастырып отыр. Жүлделі орынға ие болған суреттерді төмендегі материалдан тамашалаңыз

Istanbul Photo Awards-2021 халықаралық байқауы дәстүрлі іс-шараға айналды. Осы жылы ол жетінші рет өткізіліп отыр. Бұл айтулы шараға бүкіл әлемнің фотографтары қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – ақпараттық суреттер саласына өз үлесін қосып, түрлі мәдениет ортасындағы аймақтың айрықша жай-ахуалымен қалыптасқан дүниелерді ұсыну.

Жыл сайын әлем бойынша танымал суреттер байқауына жүздеген елдің фотографтары өз туындыларын жолдауда.

Оқи отырыңыз: Суреттер сөйлейді: All About Photo Awards 2021 байқауының жеңімпаздары – фото

Осы жолы байқауға қатысу үшін 2020 жылы түсірілген суреттерді жолдау керек болды. Бұл суреттер өткен жылы әлемде болған жағдайларды айрықша сипаттай алуы керек.

Қазылар алқасы "Жаңалықтар", "Спорт", "Өмір", "Портреттер" номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Бангладештік Мохаммед Шаджахан "Ана махаббаты" атты жұмысымен "Жыл фотографы" номинациясын иеленді. Бұл сурет коронавирус пандемиясы әлемді аяғынан тік тұрғызған кезеңді әсерлі етіп бейнелеген.

Өзекті тақырыптар қатарында босқындар мен табиғи апаттар проблемасы да бар.

Istanbul Photo Awards-2021 байқауының бойыңызда айрықша сезім тудыра алатын жеңімпаз-суреттерін төмендегі материалдан көріңіз.

Кілт сөздер:
байқау, фото
Загрузка...

Басты тақырып