Робот-суретші Ай-Да ұсынған автопортреттер топтамасын көптеген сыншылар көркемдік құндылығы жоғары деп бағалады.
Ай-Да 2019 жылы құрастырылғаннан кейін TEDx конференциясында баяндама жасап, бүгінде жеке көрмесі аясында қызу еңбектеніп жатыр. Роботты құрастырушылар адамгершілік пен технология арасындағы шекара жайында адамдарға ой салуды өз мақсаттары деп танитындарын айтты.
Ал Ай-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.
Оқи отырыңыз: Istanbul Photo Awards-2021 фотобайқауы: қандай сурет жеңімпаз атанды – фото
Роботтың автопортреттері көрерермен назарына ұсынылған Лондон музейіндегі Ай-Да көрмесін ұйымдастырушылардың бірі жасанды интеллекттің рөлі туралы пікірталас бүгінде өте өзекті болып отырғанын айтты. Бұған адам баласының пандемияға байланысты екінші жыл қатарынан үйқамақта отыруы кезінде жасанды интеллект ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануы да себеп.
Суретшілердің пікірінше, "Ай-Да: робот портреті" көрмесі автопортрет мәселесінде сұрақтарға түрткі болып, адамзат пен өнердің арасындағы сәйкестікке қатысты күмән тудырып отыр. Ай-Да жұмыстары ішкі "мен" дегені жоқ адамның "селфиін" бейнелей отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.