Оқиға

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

© Photo : ДЧС Туркестанской областиЖоғалған туристерді іздеу шарасы
Жоғалған туристерді іздеу шарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2021
Жазылу
Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат екені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ал екінші мәйіт Өгем ауылының маңынан 3 шақырым қашықтағы өзен жағасынан табылды. Қазіргі кезде оның жеке басы анықталып жатыр", – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли.

Мәйіттер Шымкент қаласына "Қазавиақұтқару" мекемесінің МИ-171 тікұшағымен жеткізілді.

Хабарсыз кеткен өзге екі адамды іздестіру әлі де жалғасуда.

Жердегі іздестіру жұмыстарын құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, шекарашылардың күзет қызметі, ұлттық парктің қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары жүргізуде. Сондай-ақ, бұл шараға төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды.

Аталған факт бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сарапшылар тағайындалып, соның нәтижесінде өлімнің себебі анықталатын болады.

Оқи отырыңыз: 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 7 адамның жоғалып кеткені туралы хабарланды. Бұл туралы ақпарат 112 басқару пультіне 25 мамырда сағат 18:30-да түскен.

Туристер 21 мамырда Сары-Айғыр шатқалына жаяу барып, 24 мамырда оралуды жоспарлаған. Жоғалған жеті адамның үшеуі кеше табылды.

Жаңалықтар
0