Өңірлер

Түркістан облысында тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуВертолет ЧС, архивное фото
Вертолет ЧС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті жігіттің үшеуін тапты. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы", - деді Уәли.

Туристер екі топқа бөлінген екен, екінші топтағы қалған төрт жігіт іздестірілуде. Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. 

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікшағы жұмылдырылды.

24 мамырда оралуы керек еді: Түркістан облысының тауларында жеті адам жоғалып кетті 

Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылдың 25 мамырында сағат 18:30-да келіп түсті.

21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.

Жаңалықтар
0