Өңірлер

Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 жігітке қатысты мәлімет шықты

© Photo : ДЧС Туркестанской областиСемеро туристов пропали в горах
Семеро туристов пропали в горах - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Жоғалған жеті адамның алтауы – студент. Екеуі Ақтөбе, біреуі Атырау облысынан, ал қалған екеуі Орал мен Жезқазған қаласының тумасы

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында тауға кеткен 7 жігіт үш тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Жас туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу  жетуді көздеген, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Жеті адам Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы бірнеше шыңды бағындырып қайту үшін 21 мамыр күні жолға шығып кеткен. "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алғандар үш күннен соң, 24 мамырда кері қайтуға тиіс еді. Бірақ оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы құтқару қызметіне хабар 25-мамыр күні кешкі 18:30-да берілген. Іздеуге елуден аса адам жұмылдырылған.

Таулы аумаққа тікұшақпен барлау жасалып жатыр. Төтеншеліктер, ұлттық парктің атты қызметшілері,  шекара қызметіндегілер, полицейлерден бөлек жоғалғандардың туыстары да іздеу жұмыстарына қосылды.

Белгілі болғанындай, жеті адамның алтауы – студент. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаевтың дерегінше, жоғалған жастардың екеуі Ақтөбе, біреуі Атырау облысынан, ал қалған  екеуі Орал мен Жезқазған қаласының тумасы.

"4-курс студенті. Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев университетінің студенті. Біреуі биыл Кентау қаласының лицейін бітірген. Барлығы 7 азамат, біреуі бала, олар 21 мамыр күні тауға демалуға шыққан. Олардың 24-іне қайтуды жоспарланған. "Сары-айғыр", "Юбилейный" шыңдарына жаяу бет алған", - деп түсіндірді Түркістан облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің өкілі Бақыт Айнабековтің айтуынша, жастар шыңды бағындыруды ертерек жоспарлаған. Мамырдың ортасында бірі келіп, Сусіңген көліне өтуге рұқсат сұраған. Алайда ұлттық парктегілер ол аумақта жақында жауын-шашын түскендіктен қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертіп, рұқсат бермеген.

"Біздің жігіттер оларға жолсілтеуші  ұсынған. Олар гид қажет емес деп бас тартқан. "Ол жаққа өзіміз барамыз" депті. Соған қарағанда бұрын барған секілді. Олар "Сайрамсу" арқылы өткен болып тұр.  Әрі қарай "Сары айғыр", "Юбилейный" шыңдары арқылы өтіп, Сусіңгенге баруды көздесе керек", - деді Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Бақыт Айнабеков.

Жеті жас Сусіңгенге жетті ме, жоқ па әзірге белгісіз. Бірақ жылы киім, жауын өтпейтін палаткалар алып кетті деген мәлімет бар.  

Жаңалықтар
0