Әлем

АҚШ әскері өз танкісін жарамсыз деп таныды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСША
США - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Әскери мамандар шығындарды есептей келе, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны модернизациялаудың мәні жоқ деген қорытындыға келді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Пентагон "Страйкер" броньды тасымалдағыш базасындағы өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны мерзімінен бұрын есептен шығаруға мәжбүр. Дөңгелекті бұл танктер 2000-жылдардың басында дайындалған болатын. Алайда алғаш рет Иракта қолданған кезде-ақ конструкциясында ақау анықталды, деп жазды РИА Новости.

"Страйкер" броньдалған машиналарын Пентагон 2002 жылы қарулануға қабылдады. Олар LAV III канадалық броньды тасымалдағыш базасында әзірленген. Ал бұл 1970-жылдары жобаланған швейцариялық "Пиранья" броньды тасымалдағыштың модернизацияланған нұсқасы.

Лавров подвел итоги первой встречи с Блинкеном - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Видео
"Бәріне дайынбыз": Лавров АҚШ дипломатымен кездесуді қорытындылады – видео
Америкалық БТР прототиптеріне қатты ұқсас болды. Оның корпусы мен жалпы жабдықталуы өзгерген жоқ. Біршама биіктетіліп, броньды қорғанысы күшейтілді, табанының профилі түзетілді. Экипажы – екі адам, десантты бөлікке он жауынгер сыяды. 350 аттың күші бар дизельді қозғалтқыш "Страйкерді" тасжолмен сағатына 100 километр жылдамдықпен жүйткітеді. Жанармай 500 километрге жетеді.

БТР-дың бірнеше нұсқасы әзірленді: өздігінен жүретін 120 миллиметрлі миномет, барлауға арналған, команда-штабты, инженерлік және санитарлық машиналар.

Сонымен қатар ауыр қаруланған – 105 миллиметрлі танкті зеңбіректі нұсқасы да бар. Қарсыластың бункерлері мен броньды техникасынан жасақталған қуатты бекіністі шабуылдауға арналған дәл осы модификациядан Пентагон бас тартуды ұйғарып отыр. Себебі Қару-жарақ және автоматты оқтау жүйесінде ақау анықталды.

Әскери мамандар шығындарды есептей келе, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны модернизациялаудың мәні жоқ деген қорытындыға келді. Ауыр "Срайкерді" "Джавелин" танкке қарсы жылжымалы кешенімен алмастырған әлдеқайда оңтайлырақ.

2000-жылдардың басында Пентагон екі мыңннан астам броньды тасымалдағышқа тапсырыс беріп, жаяу әскерді тасымалдаудың мобильді құралдарының тапшылығын бірден жоюға тырысты. Сол уақытта мамандандырылған механизацияланған бригадалар құрылды (Stryker brigade combat team, SBCT).

Мұндай құрылымның әрқайсысында шамамен 4,5 мың сарбаз бен офицер, үш жүз мыңға жуық дөңгелекті БТР бар. Бұл бригадалар белгіленген аймақта жедел орнығып, әлемнің кез келген нүктесінде түрлі жауынгерлік тапсырмаларды тиімді орындай алады деп саналады. Жеке құрам мен техниканы жеткізуді С-130 "Геркулес" көлік ұшақтары қамтамасыз етеді.

Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Әлем
АҚШ Ресеймен киберқауіпсіздік жайын талқылайтынын мәлімдеді
2004 жылы бірінші құрылым Иракқа аттанды. Бір жылдың ішінде жауынгерлік әрекет кезінде "страйкер-бригадаларды" қолдану тактикасы пысықталды, жаңа броньды тасымалдағыштар сынақтан өтті. Қолбасшылық сол кезде құрылым мен БТР-дың жоғары тиімділігін атап өтті. Алайда сарбаздар машина конструкциясындағы ақауларға, оқ атудағы жеткіліксіз қуатына және әлсіз броньдалуына шағымданды.

Осының артынша жарияланған Пентагонның арнайы комиссиясының баяндамасынан кейін бағдарламаны жабуға шақ қалды. БТР тегіс әрі тас жолда ғана жүре алатыны, ал қиылыспалы жолдарда батпақ пен құмға батып қалатыны белгілі болды. Қозғалтқышты жоғары айналымда жиі қолдануға тура келді. Бұл ресурстың күрт азаюына себеп болды. Сонымен қатар оның броньдалуы тым әлсіз болды. Шынайы соғыс кезінде қарсылас гранатометтен оқ атты. Танкке қарсы қол гранатометінің снарядтары корпусты оңай тесіп өтті. Сондықтан машиналарды жедел түрде торлы панельмен жабдықтауға тура келді.

Салмағының тым ауыр болуы салдарынан БТР көп жағдайда аударылып қалып жатты. Ал қауіпсіздік белбеулері аударылу кезінде адамдарды тиісті деңгейде қатты бекіте алмады да, соның салдарынан бірнеше сарбаз көз жұмды.

Бұл ақауларды шешуге тырысып, тор мен аспалы жабдықты зауытта орнатуды қолға алды. Бірақ оның салдарынан машина салмағы артып, кейбірі көлік ұшақтарымен тасымалдауға жарамсыз болып қалды.

Жаңа электроника мен түнде көру аспаптары жағдайды өзгерте алмады. "Страйкер" шешілмеген проблемасы көп машина күйінде қала берді. Оның үстіне модернизация барлық бағдарламаны қосымша қаржыландыруды қажет етті.

Жалпы америкалық армия үшін әскерді броньды тасымалдағыштармен жабдықтау бірнеше жылдан бері өзекті болып келеді. Пентагон осы уақытқа дейін бірқатар бағдарламаны іске асыруға тырысқанымен, олар сәтсіз аяқталуда.

Жаңалықтар
0