Дипломаттар екі сағатқа жуық ресей-америкалық қатынастар туралы әңгімелесті.
Кедергілердің көптігін және оларды реттеу оңай емес екенін атап өткен Лавров Энтони Блинкен мен оның командасының мұны істеуге бел буғанын сезінгенін жеткізді.
"Жұмыстың бәрі бізден-ақ артылмайды. Президент Владимир Путин бірнеше рет атап өткендей, өзара құрмет пен мүдделер теңдігін іздеу, екіжақты күн тәртібінде тұрған аймақтық және жаһандық проблемаларға, қақтығыстарға, дағдарыстарға қатысты кез-келген мәселені талқылау және шешу үшін біз бәріне дайынбыз", – деді Лавров кездесу қорытындысы туралы сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар, ол кездесудің "сындарлы" болғанын баса айтты.
Сұхбат барысында Лавров пен Блинкен екіжақты ынтымақтастық, стратегиялық тұрақтылық пен "Солтүтсік ағын – 2" жобасы және екі ел президенті кездесуінің болашағы мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы президенттердің кездесуінен кейін екіжақты қарым-қатынасты түзетудің тиімді жолдары анықталатынына үміт білдірді.
Бұған дейін Джо Байден Ресей президентіне осы жазда саммит өткізуді ұсынған болатын. Ұсыныс ресей-америкалық қарым-қатынастың нашарлаған кезеңінде айтылды, бірақ тараптар кездесу туралы әлі келісімге келген жоқ.
Оқи отырыңыз: Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – видео
Бұл Американың жаңа мемлекеттік хатшысы мен Ресей сыртқы істер министрінің алғашқы бетпе-бет кездесуі екенін ескерте кеткен жөн.