Әлем

АҚШ Ресеймен киберқауіпсіздік жайын талқылайтынын мәлімдеді

© AFP 2024 / POOLДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
АҚШ президенті Джо Байден киберқылмыскерлер жайын Ресеймен тікелей талқылағанын мәлімдеді. Саясаттанушы Алексей Зудин Sputnik радиосының эфирінде не себепті Америка көшбасшысының бұл пікіріне ерекше мән беру керектігін айтып берді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Америка президенті Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде Ресей үкіметінің Colonial Pipeline компаниясына жасалған кибершабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Аталған компания – АҚШ-тағы құбыр желілерінің ең ірі операторы. Алайда Байденнің пікірінше, хакерлер Ресей аумағында болуы мүмкін.

"Біз ресейлік үкімет шабуылға қатысты деп санамаймыз. Бірақ бізде шабуыл жасаған қылмыскерлер Ресейде тұрады деп тұжырымдауға дәйекті себеп бар. Бұл Ресейден келді. Біз хакерлік шабуыл жасап, құн төлеуді талап ететін желілерге қарсы қабылдануға тиісті шаралар жөнінде Ресеймен тікелей байланыстамыз және мұндай қылмыскерлердің әрекет ету мүмкіндіктерін шектейтін іс-шараларға талпынамыз", - деді Байден.

Colonial Pipeline компаниясына алдын ала болжам бойынша DarkSide хакерлер тобы тарапынан құн төлеуді талап ететін бағдарлама шабуылдады. Хакерлердің қылмыстық әрекетінен құбыр желілері тұралап, бұл АҚШ-та бензиннің көтерме бағасы қымбаттауына алып келді.

Бейсенбіге қараған түні құбыр желісі қайта іске қосылды. Бірақ АҚШ президенті оның жұмысын қалпына келтіру уақытты қажет ететінін айтты.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, МХҚМИ салыстырмалы саясаттану кафедрасының аға ұстазы Алексей Зудин президент Байденнің киберқауіпсіздік мәселесін Ресеймен талқылауға ниет білдіргені туралы мәлімдемесіне мән берді.

"Бұл ресейлік тарап АҚШ-ты келіссөздер жүргізуге шақырған мәселенің бірі. Алайда Вашингтон бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізуге түбегейлі бас тартып келді. Мен бұл мәлімдемені маңызды деп санаймын. Себебі бұған дейін АҚШ тарапынан осы секілді ұсыныстар мүлде болған емес", - дейді Алексей Зудин.

Оның айтуынша, мұнда Ресейдің ұдайы келіссөздер жүргізуді ұсынуы да рөл ойнады.

"АҚШ осы уақытқа дейін бас тартып келген киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты келіссөздер жайлы айтылғаны маңызды. Мұнда осы келіссөздерді үнемі ұсынып келген Ресейдің де еңбегі бар", - деп санайды Зудин.

Жаңалықтар
0