Пентагон Орталық Азияға орныға ма?

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуАмериканские военнослужащие у транспортного самолета перед отправкой в Афганистан в аэропорту "Манас". Фото из архива
Американские военнослужащие у транспортного самолета перед отправкой в Афганистан в аэропорту Манас. Фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Пентагон базаларының Таяу Шығыс пен Орталық Азияда болуы қауіпті. Ауғанстан, Ирак, Сириядағы соғыс әрекеттері осыған дәлел болады

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери аэродромдары мен басқа да нысандарын Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан немесе Қырғызстанға көшіру саяси және басқа тұрғыдан алғанда да дұрыс емес. Себебі ол Ауғанстан Ислам Республикасындағы (АИР) соғыстың мәнін еш өзгертпейді және өңірдегі қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

The Wall Street Journal газетінің ақпаратына сәйкес, АҚШ Ауғанстан аумағынан шығарылатын әскерді Орталық Азияға орналастыруды көздеп отыр. Бұл базалар Пентагонға жеке құрамды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, басқарылатын бомбалаушы ұшақтар мен артиллерияны орнықтыруға қажет екені жазылған.

Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Әлем
2021 жылы саяхат жасауға ең қауіпті елдер аталды
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Ауғанстанның солтүстігіне қарай орналасқан және Парсы шығанағындағы мемлекеттер қарастырылып отыр. Алайда Бішкек, Душанбе, Ташкент пен Нұр-Сұлтанға Вашингтоннан ресми сауал жеткен жоқ.

Өзбекстанның қорғаныс министрлігі елдегі қорғаныс доктринасы, Конституция, 2012 жылы қабылданған сыртқы саясат концепциясы Өзбекстан аумағында шет мемлекеттердің әскери базалары мен нысандарын орналастыруды қарастырмайтынын мәлімдеді. Қорғаныс министрлігінің бұл позициясы түсінікті. Бірақ шетелдік әскери базаны бірлескен оқу-жаттығу немесе логистикалық орталық деп атаса, онда мәселе бағыты да өзгеріп шыға келеді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның 9 мамырдағы Ресейге сапарын РФ президенті Владимир Путинмен ауған мәселесін талқылау мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

Ауғанстанмен ең үлкен шекара Тәжікстанға тиесілі. Сондықтан Пентагон үшін Пяндж өзенінің жағалауына база орнату қолайлы болар еді. Сонда Ислам республикасы қол созым қашықтықта болады. Бірақ Тәжікстан ҰҚШҰ-ға мүше болғандықтан ел аумағында Ресейдің 201-ші әскери базасы орналасқан. Сонымен қатар мұнда "Окно-М" ғарыш нысандарын анықтауға арналған ресейлік оптикалық-электронды кешені де бар.

Жеңіс парадының қарсаңында Владимир Путин Кремльде тәжік көшбасшысы Эмомали Рахмонды қабылдады. Қос мемлекеттің басшылары Ауғанстандағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, ауған жерінен шығарылатын америкалық әскер мен әскери техниканың жайын талқылады. Қандай шешім қабылданғаны әзірше белгісіз.

Молодые люди спасают остатки вещей из развалин домов после внезапного наводнения в Чарикаре, провинция Парван, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Ауғанстанда әскери-саяси ахуал қайта ушықты
Жалпы The Wall Street Journal басылымының АҚШ-тың ауған жеріндегі әскери контингенті Өзбекстан немесе Тәжікстанға орын ауыстыруы ықтималдылығы туралы жазбасы Вашингтонның Орталық Азияға көз тігіп отырғанын болжауға себеп болды. Америкалық газеттің айтуынша, өңірде Ресей әскерінің орналасуы және Қытаймен көрші болуы "Орталық Азияға базалар орналастыруды күрделендіріп отыр".

The New York Times сәуірдің соңында Пентагон, америкалық барлау агенттіктері мен батыстағы одақтастар әскер мен соққы жасаушы авиацияны Ауғанстаннан көршілес Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстанға көшіруді талқылап жатқанын хабарлады. Алайда The Wall Street Journal Қазақстанды атамай отырғаны қызық. Жалпы көп мәселе "кадрдан тыс" қалып отыр.

Еске салсақ, сәуірдің басында Пентагон делегациясы Өзбекстанда жұмыс сапарымен болып қайтты. Оған АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының Стратегиялық жоспарлау және саясат басқармасы басшысының орынбасары бригадалық генерал Дюк Пирак жетекшілік етті. Пентагон көп уақыттан бері бұл елге жан-жақты қызығушылық танытып келеді. Бұрын Ханабадтағы АҚШ әскерімен өзара әрекеттестіктің жағымсыз салдарына қарамастан, Өзбекстан Вашингтон үшін әлдеқайда қолайлы пікірлес болуы ықтимал.

Пентагон мен оның одақтастары үкіметтік күштер мен тәлібтер арасындағы текетірес өршіп жатқан Ауғанстан Ислам республикасынан кететін болды. Моджахед содырларымен соғыс әлі аяқталған жоқ. АҚШ пен оның одақтастарының ауған жеріндегі соғысының алдағы уақытта салдары айқын білінетінін жақсы түсінеді. Сондықтан бұл мәселеде жауапкершілікті көршілес Орталық Азия елдеріне жүктегілері келеді.

Біраз бұрын АҚШ ҚК Штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли америкалық әскерилер елден кеткеннен кейін Ауғанстандағы  жағдайдың дамуына қатысты пікір білдірді: "Елдегі жағдай нашарлайды немесе қатты нашарлайды". Енді бұл жорамал бүтіндей бір өңірге таралып кетпесіне кепіл жоқ.

Кабул тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Пентагон Ауғанстандағы әскери операцияларға қанша қаражат жұмсады
Өткен аптада Ислам республикасында соғыс әрекеттері қарқын алып, соның салдарынан күш құрылымының 211 өкілі және 15 бейбіт тұрғын көз жұмды және 315 содырдың көзі жойылды.

"Талибан"* содырлары солтүстік Баглан провинциясының Баглани-Маркази ауданындағы шабуыл кезінде алты әскери база мен жеті үкіметтік бекетті басып алды. Бұл қақтығыс кезінде 100-ден астам әскери қызметші тәлібтерге өз еркімен берілді. Вардак, Газни, Гильменд және Кундуз провинцияларында да қақтығыс жиіледі. Әскердің саны мен сапасы моджахедтерге Ауғанстаннан тыс аймақтарда да операциялар жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Пәкістан шекарашылары мен әскери қызметкерлеріне төрт күннің ішінде Ауғанстан аумағынан екі рет шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Белуджистан провинциясындағы шабуыл кезінде пәкістандық үш шекарашы қаза тапты. Арнайы іздеу операциясы нәтиже берген жоқ. Пәкістан содырлардың белсенділігі Ауғанстаннан НАТО әскери күштерінің шығарылуымен байланысты деп санайды.

"Талибан"* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0