Пентагон Ауғанстандағы әскери операцияларға қанша қаражат жұмсады

© Sputnik / Александр Хроленко Кабул тұрғындары
Кабул тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
АҚШ пен оның одақтастарының Ауғанстандағы әскери операцияларды бастағанына жақында жиырма жыл толады. Пентагон есебі бойынша 2001 жылдан бері бұл соғысқа бюджеттен 193 миллиард доллар жұмсалған

Елдегі үстем террористік ұйыммен бейбітшілік келісімге келу және америкалық сарбаздарды ел аумағынан әкету Ауғанстандағы науқанның масқараға толы нәтижесі болды. Сонда не үшін соғысты? Еске салсақ, тәлібтер елдегі билікті 1996 жылдан 2001 жылға дейін ұстап тұрды. Қазір де сол жағдай қайталанып отыр.

15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскер шығарылған күнді атап өтеді. - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Фото
Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерінің шығарылған күнін Алматыда қалай атап өтті – фото
Америка Құрама Штаттары мен "Талибан"* өткен жылдың 29 ақпанында Дохада бейбіт келісімге келді. Құжатқа сәйкес елдегі бір-біріне қарсы күштер арасындағы қарым-қатынасты саяси реттеу үшін Америка өз әскерін Ауғанстаннан алып кетуі керек. Бұл мәміле ауғанаралық келіссөздерге бастама болуы тиіс еді. Бірақ, бір жыл ішінде Ислам республикасында бейбітшілік орнай бастағаны байқалмайды. Көтерілісшілердің үкімет күштеріне қарсы әскери әрекеттері пандемия кезінде де бір толастаған жоқ. Пентагон да күні бүгінге дейін әскер қатарын азайтуды қызу талқылап, нақты шешімге келе алмай отыр.

АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад наурыз айының басында ресми Кабул мен "Талибанға" ауыспалы үкімет (уақытша әкімшілік) құру жөнінде ұсыныс жасады. Яғни ол билік жеті тәлібтен, Ауғанстандағы қазіргі үкіметтен жеті адам және беделді кеңес басшысынан тұруы керек. Барлығы 15 адам. Жаңа жоба біршама өзгеріс енгізе отырып, саяси жүйені сақтауды, заңды президент Ашраф Ганидің отставкаға кетуін, тәлібтердің парламентке келуін, қолданыстағы заңдардың ислам нормаларына сәйкестігін тексеруді қарастырады. Тұрақты үкімет кейінірек құрылуы тиіс.

Бас қарсыласқа бас июді қолдайтын наурыздағы бұл ұсынысты АҚШ мемлекеттік хатшысының АИР президентіне жолданған талаптарға толы хаты Кабулдың шамыны тиді. Ашраф Гани ауғандар бейбіт өмірге қол жеткізісі келетінін, бірақ ол үшін өздерін өлімге қиятын ұсынысты қабылдамайтынын мәлімдеді де, жобаны "Халилзад қиялы" деп атады.

Ал вице-президент Мохаммад Сарвар Даниш былай деп мәлімдеді: "Кез-келген жоспар Ауғанстанның саяси жүйесі мен Конституциясын қорғауы керек. Негізгі заң мен саяси жүйенің түбіне жететін мұндай жоспарларға жол жоқ".

Кабулда Американың кезекті жоспарын көкке ұшырған ашу-ызаға толы мәлімдемелер өте көп болды.

Ауғанстанда 2020 жылдың 29 ақпанындағы "Бейбіт процестің" Пентагон мен НАТО-ның "Талибанмен" 20 жылдық соғысынан еш айырмашылығы жоқ. Кабулда жарылыстар тоқтаған жоқ. Ауған әскері наурыз айының басында елдің батысындағы бекетінен айырылды. Тәлібтер күш қолдану арқылы Баламургаб қаласына жақын орналасқан Бадгис провинциясындағы базаны басып алды.

Афганские военные на месте взрыва - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2020
Ауғанстан хроникасы: тәлібтер қаруланып, америкалықтар еліне қайтып жатыр
Террористер ірі елді мекендердегі автомобильдер мен жолдарға қолдан жасалған жарылғыш заттар орналастыруға ден қойды. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілер көз жұмып жатыр. Әсіресе Кабул, Нангархар, Кандагар, Урузган мен Фарьяб провинцияларында теракт көп болды. Ақпан айының екі аптасында 168 адам қайтыс болып, 172 азамат жараланды. Дохадаға бейбіт келісімдер тығырыққа тірелген шақта зорлық-зомбылық күрт белең алып кетті.

Тәлібтер Логар және Герат провинцияларындағы үкіметтің қауіпсіздік бекеттерін басып алды. Бұған дейін Кандагар провинциясындағы Ауғанстан ұлттық армиясының 205-ші корпусының 200-ге жуық бекеті содырлардың қарамағына өтті. Қиян-кескі азаматтық соғыс елді берекесінен айырды. Тәлібтер көктемгі жаңа шабуылға дайындалып, өз адамдарын 11 провинцияға (Хост, Нангархар, Пактия, Пактика, Кабул, Саманган, Құндыз, Тахар, Бамиан, Лагман және Парван) губернатор етіп тағайындады. Сондай-ақ, үш провинцияда губернатор орынбасарларын, әскери бөлімдердің қолбасшыларын және 12 провинциядағы әскери комиссиялардың басшыларын бекітті.

Ауғанстан жақын уақытта азаматтық соғыстан бас көтереді деу қиын. "Талибанның" саяси кеңсесі Катарда орналасқан. Бұл топ ресми түрде Пәкістанда және кейбір басқа елдерде әрекет етіп отыр. Яғни, бұл ұйым Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттер үшін террористік қауіп төндіріп отыр. Арнайы қызмет мәліметі бойынша, Ауғанстанда тәлібтермен тығыз байланысты 10 мыңға жуық шетелдік содыр бар. Ауғанстандағы тәлібтердің "қасиетті соғысы" аясында ТМД аумағында экспансияға дайындалып жатқан Ислам мемлекеті* жақтастарының белсенділігі артып келеді.

Ауғанстан ұлттық келісімінің жоғарғы кеңесінің басшысы Абдулла Абдулла мен экс-президент Хамид Карзай 6-7 наурызда Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирновпен келіссөздер жүргізді. Олар Мәскеу форматындағы Ресей Федерациясының бастамаларын талқылады.

Бұған дейін ауғандық СІМ РФ-ның Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Замир Кабуловтың тәлібтер мен уақытша үкімет жайлы пікіріне наразылық білдірген болатын. Ол Sputnik Afghanistan агенттігіне берген сұқбатында Ресей тәлібтерді "өз саяси және идеологиялық мақсаты бар ұлттық қозғалыс ретінде қарастыратынын" мәлімдеп, "біз тәлібтерді ауған қоғамының құраушы бөлігі болатын Ауғанстандағы әскери-саяси қозғалыс деп қабылдаймыз" дегенді айтты.

Пожилой мужчина на обочине дороги на окраине Герата, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2020
Тәлібтер Орталық Азияға қандай қауіп төндіріп тұр?
Еске салсақ, 2003 жылдың ақпанында РФ Жоғарғы соты "Талибанды" террористік ұйым деп мойындады және бұл шешім әлі өзгерген жоқ.

Замир Кабулов Ресей Федерациясы тәлібтердің мемлекетті біржақты басқару туралы талабын қабылдамайтынын, сондықтан ауғандар мемлекеттің болашағы үшін ортақ мәмілеге келуі керек екенін баса айтты.

"Біз тәлібтерге нақты әскери-саяси күш ретінде қараймыз. Олар қазір көздеген мақсаттарына негізінен күш қолдану арқылы қол жеткізіп отыр. Бірақ біз бұл қозғалыстың таза саяси реттеуге аяқ басуын қолдаймыз", – деді ол.

Мұндай әдістің іске асуы мүмкін бе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Ал Мәскеу ауғанаралық келіссөздерді ауған процестеріне ықпал етуге қауқарлы мемлекеттердің (Ресей, АҚШ, Қытай, Пәкістан, Иран) қатысуымен "кеңейтілген үштік" аясында келіссөздер арқылы шешудің мүмкіндіктерін іздеуде. Наурызда екі алаңда –  Түркия (14 наурыз) мен Ресейде (18 наурыз) ауғанаралық келіссөздер өтетіні туралы алдын ала ақпарат бар. Ресей бір-біріне қырын қараған, әскери қақтығысқа дейін барған тараптардың мәмілеге келуіне бірнеше рет себепші болып, ықпал еткені маңызды рөл ойнаса керек.

* – Қазақстан Республикасында және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0