НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. International SOS медициналық және туристік ұйымы 2021 жылы саяхат жасау үшін ең қауіпті елдердің картасын жаңартты.
Ұйымның мәліметінше, ең қауіпті елдердің үштігіне Ливия, Сирия және Ауғанстан кірген.
Сондай-ақ туристерге Мали, Сомали, Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы, Мысырға, сонымен қатар Нигерия, Конго, Пәкістан және Ирактың кейбір бөліктеріне бармауға кеңес берілді. Бұл тізімге Украина да енген.
Рейтинг жасалған кезде бірінші кезекте саяси ахуал, әлеуметтік толқулардың қаупі, сондай-ақ зорлық-зомбылық және ұсақ бұзақылық қылмыстары ескерілді.
Локдаун, коммендаттық сағат және карантин: әлемде не болып жатыр?