Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Оңтүстік Кореядағы қос арал күлгін түске боялды – фото

Жазылу
Оңтүстік Кореядағы Банвол мен Паркджи аралдары теңдессіз сұлулығымен туристерді баурап алады. Бұл аймақта айналаны күлгін түс көмкерген. Фотосессия жасап, көңіл-күйді көтеруге таптырмас орын! Фотодан тамашалаңыз!

Жергілікті билік Оңтүстік Кореядағы Банвол мен Паркджи аралдарын күлгін түске бояу туралы шешім қабылдады. Енді бұл өңірде үй мен көпірден бастап қоршау, шатыр, саябаққа дейін, тіпті қонақ үйлер де лаванда түстес.

Бұл креатив суретке түсу және серуендеу үшін келетін қонақтардың көңілінен шығып жатыр. Жалпы бастағы мақсат та осы еді – демалысқа арналған ерекше орын ұйымдастыру арқылы мейлінше көп туристер тарту.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үздік шағын қалалар рейтингі – фото

Лаванда мен қоңыраугүлге толы бұл аралдар нағыз ертегі әлеміне түскендей әсер береді.

Ерекше аралдардың таңғажайып суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБанвол мен Паркджи шағын аралдары Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден алты сағаттық жерде орналасқан. Оларды күлгін арал деп атайды.
Дома на острове Фиолетовый в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
1/9
Банвол мен Паркджи шағын аралдары Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден алты сағаттық жерде орналасқан. Оларды күлгін арал деп атайды.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуМұнда айналаның бәрі – ғимарат шатырлары, көпірлер, үйлер, қоғамдық көлік нәзік лаванданы еске салатын әдемі күлгін түске боялған. Суретте: туристер Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын байланыстыратын көпірдің үстімен кетіп барады.
Туристы идут по пурпурному мосту , соединяющему острова Банвол и Паркджи, в провинции Южная Чолла в Южной Корее. - Sputnik Қазақстан
2/9
Мұнда айналаның бәрі – ғимарат шатырлары, көпірлер, үйлер, қоғамдық көлік нәзік лаванданы еске салатын әдемі күлгін түске боялған. Суретте: туристер Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын байланыстыратын көпірдің үстімен кетіп барады.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБұл жаққа жаяу немесе велосипед арқылы жетуге болады. Автокөліктерге жол жоқ.
Велосипед на территории острова Фиолетовый в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
3/9
Бұл жаққа жаяу немесе велосипед арқылы жетуге болады. Автокөліктерге жол жоқ.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуМұнда күлгін түсті дресс-код бар. Тамаша табиғатта серуендегісі келген туристер күлгін түсті киім киюлері керек. Әйтпесе ақы төлеуге тура келеді.
Пурпурный мост (мост Ангела), соединяющий острова Банвол и Паркджи, в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
4/9
Мұнда күлгін түсті дресс-код бар. Тамаша табиғатта серуендегісі келген туристер күлгін түсті киім киюлері керек. Әйтпесе ақы төлеуге тура келеді.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБұл аралдарда күлгін қонақ үйлерде түнеп, мейрамханаларда күлгін астан дәм татуға болады.
Туристы фотографируются на Фиолетовых островах в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
5/9
Бұл аралдарда күлгін қонақ үйлерде түнеп, мейрамханаларда күлгін астан дәм татуға болады.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБанвол мен Паркджиге ребрендинг жүргізу туралы ой кәрістерде 2015 жылы пайда болды. 2020 жылға дейін бұл идеяға 4,25 миллион доллар инвестицияланды.
Фиолетовые острова в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
6/9
Банвол мен Паркджиге ребрендинг жүргізу туралы ой кәрістерде 2015 жылы пайда болды. 2020 жылға дейін бұл идеяға 4,25 миллион доллар инвестицияланды.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуПандемия кезінде күлгін аралдың сұранысы артты.
Фиолетовые острова в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
7/9
Пандемия кезінде күлгін аралдың сұранысы артты.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБірнеше жыл бұрын аймақта жаппай лаванда егілді. Көп ұзамай-ақ қырық мың өсімдік күлгін аралдардың әсемдігін еселей түсті. Суретте: Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы "күлгін" аралдарға қарай жол көрсетіп тұрған сілтеуіш.
Указатель на территории Фиолетового острова в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
8/9
Бірнеше жыл бұрын аймақта жаппай лаванда егілді. Көп ұзамай-ақ қырық мың өсімдік күлгін аралдардың әсемдігін еселей түсті. Суретте: Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы "күлгін" аралдарға қарай жол көрсетіп тұрған сілтеуіш.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуОңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын біріктіретін Періште көпірі.
Пурпурный мост (мост Ангела), соединяющий острова Банвол и Паркджи, в провинции Южная Чолла в Южной Корее - Sputnik Қазақстан
9/9
Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын біріктіретін Періште көпірі.
Жаңалықтар
0