Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең үздік шағын қалалар рейтингі – фото

Жазылу
2020 жылы пандемия кезінде тіршілігі азан-қазан қайнаған үлкен қалалардың тұрғындары тұмса табиғаты, саф алтындай таза ауасы бар шағын шаһарлардағы өмір жайлы елестеткені анық

Small Cities Index – бұл табиғаты және туристік көркем орындарымен мақтана алатын, өркениет пен дамудан кейін қалып қоймаған шағын қалалар рейтингі.

Рейтингті ұйымдастырушылардың пікірінше, оның басты идеясы - қалалардың фотосуреттеріне қараған кезде мегаполистердегі жайлылықтан бас тартпай-ақ, кішкентай қалаларға көшуге ой тастайтындай шағын шаһарларды таныстыру.

Яғни, жоғары деңгейдегі көлік қатынасы, бизнеске арналған мүмкіндіктер, қонақжайлылық мәдениеті мен тамаша табиғаттың қолжетімді болуы сөз болып отыр.

Оқи отырыңыз: "Алтын қима": сұлулық қалай өлшенетінін білесіз бе – фото

Өткен жылы қала тұрғындарының қандай мәселелерге басымдық беретінін көрсетті. Әлем өзгерді, бірақ қаладағы өмір сапасын жақсартатын аспектілер өзгеріссіз қалды. Сондықтан, рейтинг авторлары адамдар өз өмірін асыра бағалайтын қазіргі уақытта бұл индекс аса маңызды деп санайды.

Осы рейтингке қай қалалар кіргенін фотосуреттер топтамасынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Vitaliy Belousov / Медиабанкке өтуРамос Пинто көшесінің көрінісі. Көшеге атау берген танымал португалдық шарап шығаратын кәсіпорынның тарихы 140 жылды қамтиды. Көлемі бойынша Португалиядағы екінші қала - Портоға бара қалсаңыз, портвейннің дәмін татып, шарап қоймаларын аралау туристік бағдарламада міндетті түрде қарастырылатынын ескеріңіз.
Рамос Пинто көшесі - Sputnik Қазақстан
1/10
Рамос Пинто көшесінің көрінісі. Көшеге атау берген танымал португалдық шарап шығаратын кәсіпорынның тарихы 140 жылды қамтиды. Көлемі бойынша Португалиядағы екінші қала - Портоға бара қалсаңыз, портвейннің дәмін татып, шарап қоймаларын аралау туристік бағдарламада міндетті түрде қарастырылатынын ескеріңіз.
CC BY-SA 3.0 / Mauro Mazzio / Оңтүстік Тиролдағы италиялық Трентино-Альто-Адидже автономиялық облысында орналасқан Больцано қалашығының халқы жүз мыңнан сәл асады. Бұл біздің заманымызға дейінгі 15-ші жылы қаланған көне римдік күзет орнының аумағында бой көтерген көне қала.
Больцано, Италия - Sputnik Қазақстан
2/10
Оңтүстік Тиролдағы италиялық Трентино-Альто-Адидже автономиялық облысында орналасқан Больцано қалашығының халқы жүз мыңнан сәл асады. Бұл біздің заманымызға дейінгі 15-ші жылы қаланған көне римдік күзет орнының аумағында бой көтерген көне қала.
CC BY-SA 3.0 / STA3816 / Sakurai Futamigaura, Itoshima, Fukuoka, JapanЖапонияның ең үздік мұз жағалауы мен күннің батуын тамашалайтын ең үздік орын саналатын Итосимадағы Сакураи Футамигаура жағажайында "ерлі-зайыпты" қос алып жартас "Симэнава" арқанымен байланып тұр. Сондай-ақ, теңіз жағасындағы тории қақпалары да бұл көрініске ерекше сән беріп тұр.
Итосима, Япония - Sputnik Қазақстан
3/10
Жапонияның ең үздік мұз жағалауы мен күннің батуын тамашалайтын ең үздік орын саналатын Итосимадағы Сакураи Футамигаура жағажайында "ерлі-зайыпты" қос алып жартас "Симэнава" арқанымен байланып тұр. Сондай-ақ, теңіз жағасындағы тории қақпалары да бұл көрініске ерекше сән беріп тұр.
CC BY-SA 3.0 / David Lienhard / Lucerne Kappelbridge Long ExposureШвейцарияның Люцерн қаласындағы шіркеу-көпір – Еуропадағы ең көне жабық көпір. Ол Ройс өзенін тігінен емес, қиғашынан бөліп тұр.
Люцерн, Швейцария - Sputnik Қазақстан
4/10
Швейцарияның Люцерн қаласындағы шіркеу-көпір – Еуропадағы ең көне жабық көпір. Ол Ройс өзенін тігінен емес, қиғашынан бөліп тұр.
© Photo : Pixabay/NextvoyageБұл - 1299 жылға дейін Норвегия астанасы болған Бергендегі ортағасырлық жағалау, ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы нысандарының бірі
Вид на набережную в Бергене, Норвегия - Sputnik Қазақстан
5/10
Бұл - 1299 жылға дейін Норвегия астанасы болған Бергендегі ортағасырлық жағалау, ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы нысандарының бірі
© Depositphotos.com / A1804Ольборг қаласының тарихы бірнеше мың жыл бұрын басталған. Бастапқыда бұл Лим-фьорағы сауда орны болған. Орта ғасырда Ольборг өркендеп, Даниядағы ең ірі қалалардың біріне айналды. Халқы жүз мыңнан сәл асатын бұл қала бүгінде индустриялық шаһардан инновациялық орталыққа бет түзеп жатыр.
Старинные дома в Ольборге, Дания - Sputnik Қазақстан
6/10
Ольборг қаласының тарихы бірнеше мың жыл бұрын басталған. Бастапқыда бұл Лим-фьорағы сауда орны болған. Орта ғасырда Ольборг өркендеп, Даниядағы ең ірі қалалардың біріне айналды. Халқы жүз мыңнан сәл асатын бұл қала бүгінде индустриялық шаһардан инновациялық орталыққа бет түзеп жатыр.
© Sputnik / Alexey Vitvitsky / Медиабанкке өтуБұл біздің заманымызға дейінгі 15-ші жылы Аугуст көне римдік түрмесіне арнап салынған Basilea римдік бекінісінің орнында пайда болған қала. Ең алғаш рет біздің заманымыздағы ІІІ ғасырда Basileam applicuerunt ретінде жазбаларда кездескен. Рейн өзені қала мен оның тарихи орталығын екі бөлікке бөліп тұр: сол жағалаудағы үлкен Базель және оң жақ беттегі Кіші Базель. Үлкен Базельде қызыл құмнан салынған роман-готикалық шіркеу бар.
Рейн өзеніндегі Базеле, Швейцария - Sputnik Қазақстан
7/10
Бұл біздің заманымызға дейінгі 15-ші жылы Аугуст көне римдік түрмесіне арнап салынған Basilea римдік бекінісінің орнында пайда болған қала. Ең алғаш рет біздің заманымыздағы ІІІ ғасырда Basileam applicuerunt ретінде жазбаларда кездескен. Рейн өзені қала мен оның тарихи орталығын екі бөлікке бөліп тұр: сол жағалаудағы үлкен Базель және оң жақ беттегі Кіші Базель. Үлкен Базельде қызыл құмнан салынған роман-готикалық шіркеу бар.
CC BY 2.0 / Dronepicr / Legislative Assembly of British ColumbiaВиктория Канададағы "британдық" қала болып саналады. Шаһардың бұлай сипатталуына елдегі климаты жылы қалаға зейнетке шыққан ағылшындардың көптеп қоныстануы себепші болған. Қалада қос қабатты қызыл автобустар қатынайды, ал орталықта ағылшын стиліндегі дүкендер мен сыра ішу орындары бар. Виктория "Императрица" көне қонақ үйі орналасқан гүлге көмкерілген жағалауымен танымал. Бұл қонақ үйде келушілерге күн сайын кешкі сағат бесте тәтті тоқаштармен бірге дәстүрлі ағылшын шайы беріледі.
Виктория Канададағы британдық қала - Sputnik Қазақстан
8/10
Виктория Канададағы "британдық" қала болып саналады. Шаһардың бұлай сипатталуына елдегі климаты жылы қалаға зейнетке шыққан ағылшындардың көптеп қоныстануы себепші болған. Қалада қос қабатты қызыл автобустар қатынайды, ал орталықта ағылшын стиліндегі дүкендер мен сыра ішу орындары бар. Виктория "Императрица" көне қонақ үйі орналасқан гүлге көмкерілген жағалауымен танымал. Бұл қонақ үйде келушілерге күн сайын кешкі сағат бесте тәтті тоқаштармен бірге дәстүрлі ағылшын шайы беріледі.
© Photo : Public Domain/Wouterhagens1425 жылдан 1797 жылға дейін жұмыс істеп тұрған Левен униерситеті XVI ғасырға дейін Еуропадағы ең үздік оқу орны саналды. Левен – Белгиядағы университет орталықтарының бірі, Фламанд Брабант провинциясының бас қаласы.
Белгиялық Левен қаласы - Sputnik Қазақстан
9/10
1425 жылдан 1797 жылға дейін жұмыс істеп тұрған Левен униерситеті XVI ғасырға дейін Еуропадағы ең үздік оқу орны саналды. Левен – Белгиядағы университет орталықтарының бірі, Фламанд Брабант провинциясының бас қаласы.
© Fotolia / Mihai-Bogdan LazarЛозанна әлемдегі "Олимпиада астанасы" деген атауға ие. Мұнда Халықаралық олимпиада комитетінің және көптеген халықаралық спорт федерацияларының штаб-пәтерлері орналасқан. Сондай-ақ, Спорт арбитраж соты мен Швейцарияның жоғарғы соты бар. Ситэ белесінде Сен-Мер ортағасырлық қамалы мен Нотр-Дам готикалық шіркеуі орналасқан. Сонымен қатар, қаланың төменгі жағында әулие Франциск шіркеуі, ал Палю алаңында көне ратуша бар.
Лозанна әлемдегі Олимпиада астанасы  - Sputnik Қазақстан
10/10
Лозанна әлемдегі "Олимпиада астанасы" деген атауға ие. Мұнда Халықаралық олимпиада комитетінің және көптеген халықаралық спорт федерацияларының штаб-пәтерлері орналасқан. Сондай-ақ, Спорт арбитраж соты мен Швейцарияның жоғарғы соты бар. Ситэ белесінде Сен-Мер ортағасырлық қамалы мен Нотр-Дам готикалық шіркеуі орналасқан. Сонымен қатар, қаланың төменгі жағында әулие Франциск шіркеуі, ал Палю алаңында көне ратуша бар.
Жаңалықтар
0