Жергілікті билік Оңтүстік Кореядағы Банвол мен Паркджи аралдарын күлгін түске бояу туралы шешім қабылдады. Енді бұл өңірде үй мен көпірден бастап қоршау, шатыр, саябаққа дейін, тіпті қонақ үйлер де лаванда түстес.
Бұл креатив суретке түсу және серуендеу үшін келетін қонақтардың көңілінен шығып жатыр. Жалпы бастағы мақсат та осы еді – демалысқа арналған ерекше орын ұйымдастыру арқылы мейлінше көп туристер тарту.
Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үздік шағын қалалар рейтингі – фото
Лаванда мен қоңыраугүлге толы бұл аралдар нағыз ертегі әлеміне түскендей әсер береді.
Ерекше аралдардың таңғажайып суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБанвол мен Паркджи шағын аралдары Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден алты сағаттық жерде орналасқан. Оларды күлгін арал деп атайды.
Банвол мен Паркджи шағын аралдары Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден алты сағаттық жерде орналасқан. Оларды күлгін арал деп атайды.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуМұнда айналаның бәрі – ғимарат шатырлары, көпірлер, үйлер, қоғамдық көлік нәзік лаванданы еске салатын әдемі күлгін түске боялған. Суретте: туристер Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын байланыстыратын көпірдің үстімен кетіп барады.
Мұнда айналаның бәрі – ғимарат шатырлары, көпірлер, үйлер, қоғамдық көлік нәзік лаванданы еске салатын әдемі күлгін түске боялған. Суретте: туристер Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын байланыстыратын көпірдің үстімен кетіп барады.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБұл жаққа жаяу немесе велосипед арқылы жетуге болады. Автокөліктерге жол жоқ.
Бұл жаққа жаяу немесе велосипед арқылы жетуге болады. Автокөліктерге жол жоқ.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуМұнда күлгін түсті дресс-код бар. Тамаша табиғатта серуендегісі келген туристер күлгін түсті киім киюлері керек. Әйтпесе ақы төлеуге тура келеді.
Мұнда күлгін түсті дресс-код бар. Тамаша табиғатта серуендегісі келген туристер күлгін түсті киім киюлері керек. Әйтпесе ақы төлеуге тура келеді.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБұл аралдарда күлгін қонақ үйлерде түнеп, мейрамханаларда күлгін астан дәм татуға болады.
Бұл аралдарда күлгін қонақ үйлерде түнеп, мейрамханаларда күлгін астан дәм татуға болады.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБанвол мен Паркджиге ребрендинг жүргізу туралы ой кәрістерде 2015 жылы пайда болды. 2020 жылға дейін бұл идеяға 4,25 миллион доллар инвестицияланды.
Банвол мен Паркджиге ребрендинг жүргізу туралы ой кәрістерде 2015 жылы пайда болды. 2020 жылға дейін бұл идеяға 4,25 миллион доллар инвестицияланды.
Пандемия кезінде күлгін аралдың сұранысы артты.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуБірнеше жыл бұрын аймақта жаппай лаванда егілді. Көп ұзамай-ақ қырық мың өсімдік күлгін аралдардың әсемдігін еселей түсті. Суретте: Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы "күлгін" аралдарға қарай жол көрсетіп тұрған сілтеуіш.
Бірнеше жыл бұрын аймақта жаппай лаванда егілді. Көп ұзамай-ақ қырық мың өсімдік күлгін аралдардың әсемдігін еселей түсті. Суретте: Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы "күлгін" аралдарға қарай жол көрсетіп тұрған сілтеуіш.
© Sputnik / Ryu Seng-il / Медиабанкке өтуОңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын біріктіретін Періште көпірі.
Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын біріктіретін Періште көпірі.