НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Мұндай ақпаратты Sputnik Қазақстанға оның адвокаты Дмитрий Куряченко растады.
"Тергеушілер тұтқындауды ұзарту туралы бастама көтерді. Сөйтіп 2021 жылдың 12 ақпанында сот мерзімді наурыздың соңына дейін ұзартты. Сондай-ақ, мен президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдіріп, Біртановтың заңсыз қудаланып жатқанына назар аударуын сұрадым. Бірақ менің өтінішім оған жетпей қала ма деп алаңдаймын", – деді Куряченко.
Біртановтың тұтқындалуы
Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (ол бұл қызметке 2017 жылдан бері атқарды). Оның коронавируспен ауыруы осындай шешім қабылдауына себеп болды.
Ал қараша айында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг комитеті хабарлады.
Оқи отырыңыз: Экс-министр Назарбаев пен Путиннің аналары туралы кітап шығарды
Кейінірек ол үй қамағына алынды. Қаңтар айында адвокат Дмитрий Куряченко сот экс-министрдің үй қамауындағы мерзімін 28 ақпанға дейін ұзартқанын мәлімдеді.