15:40 19 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
113 0 0

Әзірше кітап тек орыс тілінде ғана жарыққа шығып отыр. Бір аптаның ішінде қазақ тіліндегі нұсқасы шығады. Одан кейін ағылшын тілінде басылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлы "Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары" атты кітабын таныстырды. Автордың еңбегі әзірше орыс тілінде жарыққа шығып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Экс-министр жаңа кітабын президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде таныстырды. Сол жерде арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылған болатын. 

"Біздің елімізде "жұмақтың кілті ананың аяғының астында" деген керемет сөз бар. Әрбіреуіміз өз алғысымызды, ерекше сезімімізді алдымен аналарымызға арнайымыз. Осы ойдың тұрғысынан "Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары" атты кітап ең алдымен біздің аналарымызға арналып отыр", - дейді Мұхамедиұлы.

Кітаптың кіріспесі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы – Әлжан Назарбаевадан басталады. Одан кейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің анасы Мария Путина жайында жазылған.

Бұдан бөлек, экс-министрдің еңбегіне америкалық өнертапқыш Томас Эдисон, Сингапурдың премьер-министрі Ли Кун Ю, орыс ғалымы Дмитрий Менделеев, Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік, Франция президенті Шарль де Голь, боксшы Мұхаммед Әли, АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон, футболшы Пеле, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейн сынды танымал тұлғалардың аналары туралы материалдар енген.  

"Негізгі мақсат – өмірбаяны емес, аналардың өз ұлдарының үлкен дәрежеге жетуіне қосқан үлесін көрсету. Сондықтан бәрімізге өте пайдалы, бір жағынан, ыстық әрі жүрегімізге ерекше сезім беретін кітап болады деп ойлаймын", - деді Мұхамедиұлы. 

Автордың айтуынша, әзірше кітап тек орыс тілінде ғана жарыққа шығып отыр. Бір аптаның ішінде қазақ тіліндегі нұсқасы шығады. Одан кейін ағылшын тілінде басылады.

 

Тақырып бойынша

"Мен Назарбаевтың адамымын!": желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
Путин Назарбаевтың қандай қасиетіне таңғалатынын айтты
Путин Назарбаевтың ұсынысы туралы не ойлайтынын айтты - видео
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Кілт сөздер:
Арыстанбек Мұхамедиұлы, кітап, Владимир Путин, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып