04:30 03 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD435.76
  • EUR493.41
  • RUB5.89
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2121 0 0

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі былтыр қараша айында үйқамаққа алынған еді. Сот оның мерзімін ұзартты

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды. Шешімді Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты қабылдады.

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко растады.

"Иә, ұзартқаны рас. 28 ақпанға дейін", - деді адвокат.

Ол Біртановтың қорғаушыларының бірі соттан үйқамақта ұстау шарттарын өзгертуді сұрағанын айтты.

Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етілмейді.

Экс-министр Біртановтың ісі

Былтыр қарашада бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Кейінірек экс-министр үйқамаққа алынды.

Тағы оқыңыз: Экс-министр Біртанов үйқамаққа босатылды

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

2020 жылы 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Тақырып бойынша

Министр дәрігерлердің Біртановты қолдап жазған хатына түсініктеме берді
Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды
Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді
Экс-министр Біртанов қамауға алынды
Кілт сөздер:
Елжан Біртанов, экс-министр, үйқамақ
Загрузка...

Басты тақырып