Әлем

"Шайқас тәсілін өзгертеді": ресейлік жаңа дрондардың мүмкіндігі қандай?

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУчения по борьбе с воздушными целями, архивное фото
Учения по борьбе с воздушными целями, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғары автономия, басқарылатын зымыран қаруы және әуе қорғанысы жүйесін айналып өту мүмкіндігі – ресейлік әскерилер "Орион" көпмақсатты алғашқы ұшқышсыз ұшу аппараттарын игеруде

Сарапшылардың пікірінше, бұл дрондар армияның соққы беру қабілетін едәуір арттырып, ұшқышсыз ұшу авиациясын жаңа деңгейге шығарады. Мұндай құрылғылардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы РИА Новости жазды.

Жақында НТВ телеарнасы әскери кешенді –  басқарылатын екі көлікті және үш "Орион" ұшқышсыз ұшу аппаратын көрсетті. Олар жауынгерлік кезекшілікке кіріскен құрылғылар. Естеріңізге  сала кетейік, қорғаныс министрлігі әскерлерге ұзақ уақыт ұша алатын, барлау жасайтын және соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппаратының бірнеше сериясын жеткізу туралы келісімшартқа тамыз айында қол қойған болатын. Бірінші жиынтық кешен осы жылдың көктемінде әскери мақсатта пайдалануға берілді.

Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты
"Орион" әуеде 24 сағатқа дейін ұша алады. Сыртқы пішіні жағынан ол америкалық MQ-1 Reaperді еске түсіруі мүмкін. Себебі, екеуінің де артқы бөлігі V тәріздес және қанаты ұзын және жіңішке болып келеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттары әуеден барлау жүргізу мен нысанды белгілеу үшін ғана емес, зымырандық-бомбалық соққы жасауға арналған. Оның бортына 200 келіге дейін жауынгерлік жүкті алуға болады. Ол үшін 25-тен 100 келіге дейінгі калибрлі оқ-дәрілердің бірнеше түрі арнайы жасалған.

"Орион" ортаңғы ұшқышсыз ұшу аппараттары класына жатады. Көлемі С-70 "Охотник"-тен кіші , алайда шағын барлау ұшақтарынан үлкенірек. Күш құрылғысы  –  қуаты шамамен 100 ат күшіне тең келетін бензин қозғалтқышы, ол фюзеляждың артқы жағында орналасқан. Жобалау кезінде композициялық материалдарды қолданудың арқасында көлемі жағынан өте үлкен дронның салмағы бар-жоғы тоннаны құрайды. Максималды биіктігі – 7,5 мың метр, жылдамдығы сағатына – 200 шақырым. Ұшуды оператор радиоканал арқылы басқарады, сигнал қашықтығы  - 250 шақырым.

Бұл құрылғы бірегей, өйткені ол қарсыластың радиоэлектронды соғыс кешендері жүзеге асырған тығыз радиокедергілер жағдайында да ұрыс алаңында тиімді жұмыс істей алады. Борттық оптикалық-электрондық жүйе автоматты түрде нысандарды анықтайды және олармен еріп жүреді, сондай-ақ, басқарылатын зымырандардың ұшу бағытын түзеп отырады. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көзі мен құлағы – термалды және телевизиялық камералар, лазерлік қашықтық өлшегіш және мақсатты белгілеуші. Сонымен қатар, цифрлық бейнежабдықтар мен шолу жасайтын радиолокациялық станция орналасатын орын қарастырылған.

"Орион" жобасын дамытудың айқын нәтижесі – екі тонналық шабуылдаушы дрон "Сириус". Оның ұшу үлгісі келесі жылы дайын болады, дейді әзірлеушілер. Ол ұшуды әлемнің кез келген нүктесінен басқаруға мүмкіндік беретін спутниктік байланыс кешенімен жабдықталады.

Миномет 2С4 Тюльпан - Sputnik Қазақстан
Әлеуеті зор әлемдік қару туралы айтылды
Соңғы жылдары бүкіл әлемде қарулы қақтығыстарда дрондар көбірек қолданыла бастады. Жаңа мысал – Таулы Қарабақтағы ұрыс. Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Әзербайжан әскері ұшқышсыз ұшу аппаратын тиімді қолданады, өйткені Таулы Қарабақ республикасы армиясында әуе қорғанысына және радиоэлектронды ұрысқа қажетті заманауи кешен жүйелері жоқ.

"Әуе қорғанысы жүйесін құруға жеткілікті мән бермеген біраз мемлекет оның зардабын тартып жатыр, – деді Леонков. – Егер армян әскері бұл мәселеде жақсы жұмыс істесе, дрондардың тиімділігі аз болар еді, олардың жылдамдығы мен оптикалық диапазонда нысанды іздеу мүмкіндігі шектеулі".

Алайда, ұшқышсыз ұшу аппараттары белгілі бір тактиканы қолдана отырып, мықты әрі терең эшелонды әуе қорғаныс жүйесіне қарсылық көрсеткен жағдайда да айтарлықтай зиян келтіре алады, дейді сарапшы. Қазір АҚШ ұшқышсыз ұшақтар деп аталатын тұжырымдаманы дамытып жатыр, бұл тұжырымда бойынша бірнеше ондаған аппарат бір уақытта жаудың қорғаныс шебін бұзып, зениттік-зымырандық бағыттағыш радарлардың назарын өзіне аударып жібереді.

"Б-52 бомбалаушы ұшақтың бортына осындайдың 140-қа жуығы сыйып кете алады, - деп нақтылады Леонков.

Ресей армиясы ұшқышсыз ұшу аппараттарының бірнеше түрін пайдаланады – ереже бойынша олар барлау мен мақсатты белгілеуге арналған ықшам техника. Мәселен, қазір ұшқышсыз ұшу аппараттары Сириядағы Хмеймим әуе базасының айналасындағы аумаққа үздіксіз бақылау жүргізеді. Ал соққы жасайтын "Орион" сапқа тұрғызылғаннан кейін әскери күштер тағы бір маңызды ұшқышсыз ұшу аппаратына қол жеткізді.

Ресейдің еңбек сіңірген әскери ұшқышы, генерал-майор Владимир Поповтың айтуынша, ұшқышсыз ұшу авиациясының маңызды артықшылығы – ұрыс операциясы жүргізіліп жатқан ондаған шақырымда жатып, қарсыласқа шабуыл жасайтын жеке құрамның қауіпсіздігінде. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттары жауынгерлік ұшақтардың тиімділігін күрт арттырады.

"Егер, мысалы, шағын дрон жедел-тактикалық зымыран кешенін анықтаса, оны бір соққымен жалғыз өзі жойып жібере алмайды, – деп түсіндіреді Попов. – Ол үшін көбіне толыққанды ұшақтар қажет. Бірақ ол бірнеше бомба немесе зымыран тастай алады және есептеу жұмысын жүйесіздендіріп, психикасына қысым жасауы мүмкін. Осыдан кейін ұшқышсыз ұшу аппараттарынан берілетін координаттарға сәйкес, сол типтегі екінші аппарат немесе кезекші әуе күштерінен тікұшақ немесе ұшақ ұшып шығып, басталған жұмысты соңына дейін жеткізеді".

Акорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев армияны бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтауды тапсырды
Бұл ретте, осы уақытқа дейін америкалықтардың ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда ең үлкен жетістікке жеткендігін мойындау керек. Олар 1960 жылдардан бастап дрондарды барлау мақсатында қолданып келеді. Вьетнамда ұшқышсыз ұшу аппараттары негізінен фотобарлау мақсатында бірнеше мың шақырымға дейін ұшатын болған.

1990 жылдары Пентагон Predator көпнысанды дрондарға қол жеткізген кезде, ұшқышсыз ұшу авиациясы тек барлау жүргізуді ғана емес, сонымен қатар жердегі нысандарға тиімді дәлдікпен соққы беруді де үйренді. Әуе "жыртқыштары" іс жүзінде АҚШ-тың қатысуымен болған барлық әскери қақтығыста – Боснияда, Иракта, Ауғанстанда, Ливияда және Сирияда әрекет етті.

Кезінде КСРО-да да ұшқышсыз ұшу аппараттарын дамыту бағдарламасы болған. Сонау 1960 жылдары кеңестік құрастырушы мамандар ұшқышсыз барлау ұшақтарының бірнеше түрін жасап шығарды. Олардың бірі –  ұшатын нысананың негізінде жасалған Ла-17Р. Ол жерден қатты отын күшейткіштердің көмегімен көтерілді, ал аспанда турбореактивті қозғалтқыш іске қосылды. Аппарат әуеде ұшу биіктігіне байланысты 30 минуттан бір жарым сағатқа дейін болуы мүмкін, сағатына 900 шақырымды еңсеретін "қабілетке ие". Мұндай барлайтын құрылғы көп рет пайдалануға арналған, ол жерге ұшақ немесе парашют тәсілімен қонатын болған.

Кеңестік қорғаныс өнеркәсібінің тағы бір жетістігі – Ту-141 "Стриж" жедел-тактикалық барлау кешені. Оның жылдамдығы сағатына 1100 шақырымнан асады, биіктік диапазоны 50-ден 5000 метрге дейін жетеді. "Стриждер" 1990 жылдарға дейін әуе қорғанысына қажетті қару-жарақтар құрамында болды және негізінен КСРО-ның батыс шекараларында әрекет етті.

Жаңалықтар
0