Әлеуеті зор әлемдік қару туралы айтылды

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуМиномет 2С4 "Тюльпан"
Миномет 2С4 Тюльпан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өздігінен жүретін 240 миллиметрлік "Тюльпан" минометі артиллеристер үшін кәдуілгі немесе әлемдік ядролық қару саласында аналогы жоқ қару ретінде белгілі

Ресейдегі Оңтүстік әскери округі артиллериясы әскерлерінің жауынгерлік дайындығын тексеру кезінде, Солтүстік Осетиядағы Тарское полигонында әлеуеті жоғары минометтер көзделген нысаналар бойынша ұшқышсыз ұшқыштардан жойды.

Вид на здание Организации по запрещению химического оружия в Гааге. - Sputnik Қазақстан
Химиялық қару мәселесі: Ресей Батыстың басымдығын бұза ала ма?
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 58-ші жалпыәскери артиллеристер армиясының құрамында 240 миллиметрлік өздігінен жүретін "Тюльпан" минометі Кавказ тауларының баурайында 21 шілдеде өткізген жаттығу кезінде жаудың шартты позициясы мен жерасты арсеналдарын сәтті жоя алды. Негізінен, бұл қару үлкен маневрлерде жиі қолданылмайды. Бірақ тиімді жауынгерлік қолдануда таудың тар шатқалдары мен терең бетонды бункерлердегі жауға еш қалдырмайды.

"Тюльпан" модернизациядан өткеннен кейін заманауи командалық-басқару құралдарының артықшылығына ие болды. Яғни, өздігінен жүретін зеңбіректерді Құрлық әскері күштерінің тактикалық звеносының контурын барлап-шабуылдауда бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі зор мүмкіндіктер берді. Жаңғыртылған миномет, тіпті ұзақ қашықтықта берік қорғалатын нысанаға дөп тигізе алатын мерген қаруға айналды. "Тюльпан" арсеналының қирату әлеуеті де 240 миллиметрлік калибрге ғана байланысты емес. Оның термоядролық қуаты екі килотоннаны құрайды және басқа да миналары бар.

ХХІ ғасырдың үздік минометі

"Тюльпан" минометінің 240 милиметрлік калибрі 9,6 шақырымнан 19,7 шақырымға дейінгі қашықтағы бекіністер мен ғимараттарды, жау күштерін, қару-жарақ пен әскери техникаларды жоюға арналған әлемдегі жалғыз қару. Қолданысқа енгізілгеніне 40 жылдан астам уақыт өтсе де, күні бүгінге дейін  бұл калибр өзге сипаттамалардан озық болып тұр. Ол зеңбірек артиллериясының басқа түрлеріне қарағанда нысанаға дөп тигізе алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, "Тюльпан" оғы 12 метрлік темірбетонды конструкцияны бұзып өтуге қауқарлы. Сонымен қатар, кәдімгі 240 миллиметрлік мина жерге қарай бағытталса диаметрі 10 метр, тереңдігі 5 метрден асатын шұқыр жасай алады.

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуӨздігінен қозғалатын артиллериялық 2С4 "Тюльпан" минометі, архивтегі сурет
Әлеуеті зор әлемдік қару туралы айтылды - Sputnik Қазақстан
Өздігінен қозғалатын артиллериялық 2С4 "Тюльпан" минометі, архивтегі сурет

Өздігінен жүретін минометтің құрамында жоғары жарылғыш және белсенді зымырандық миналар да бар. Оған қоса сыртқы нысанаға арналған "Смельчак" түзетілетін оқ-дәрілері де бар (оның дөп тию мүмкіндігі 80-90 проценттік ықтималдықпен 2 метрлік диаметр шеңберін құрайды).

"Тюльпан" үшін арнайы 3Б4 (18 шақырымға жететін) термоядролық минасы негізінде зымырандық қозғалтқышы бар (20 шақырымға дейін жететін) 3Ф2 салмағы 228 киллограммды құрайтын белсенді-реактивті ауыр мина жасалды. Сонымен қатар, "Смола" мен "Фата" деп аталатын нейтронды снарядтар, 7 850 шаршы метрге дейінгі аумақты напалмамен күйдіретін "Сайда" оқ-дәрісі және жарықшақты-жарылғыш элементтері бар кассеталық "Нерпа" минасы да қызығушылық тудырады.

"Тюльпан" минометі жауынгерлік ұрыс кезінде тексерістен өткен. Бұл қару 1985 жылдан бастап Ауғанстанның Чарикар алқабы мен Панджшер шатқалында сәтті қолданыла бастады. Яғни, бұл үшін нысанды жоюда көп болса, екі рет ату жеткілікті болды.

Бүгінгі таңда Ресей Құрлық әскерінің есебінде 40 2С4 "Тюльпан" минометі бар. Сонымен қатар, әскери қақтығыс жағдайында лайықты резерв ретінде 390-ға жуық қару сақталған.

Құрылымдық ерекшеліктері

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 2С4"Тюльпан" минометі қозғалтқышының қуаттылығы 520 аттың күшіне тең "Круг" зениттік-зымыран жүйесімен модернизацияланған. Оның тас жолдағы максималды жылдамдығы 62 шақырым/сағатқа, ал жүріс қоры 500 шақырымға жетеді. Экипажы 5 адамнан тұратын техниканың 40 жауынгерлік жинақтық оқ атуға қауқарлы.

Машина корпусының дәнекерленуі 7,62 миллиметрлік калибрлі құрышбұзғыш оқ пен оның жарықшақтарынан қорғайды. Алдына позиция жабдығы ретінде бульдозер пышағы орнатылған. Ал басқару бөлімі корпустың алдыңғы сол жақ бұрышында болса, қозғалтқыш бөлімі оң жақта орналасқан. Ортаңғы және азықтық бөлік орны жауынгерлік бөлімде жасалған. Сонымен қатар, машина бортында 7.62 миллиметрлік ПКТ пулеметі де бар.

Бес метрлік ұңғы тегіс қабырғалы түтік түрінде мойынтірекке бекітілген. Сыртқы құрылымдық көрінісі де қарапайымдылығымен әрі сынақтан өткізуде технологиялық ілгерілеуімен жоғары мәнге ие.

Айта кетейік, 240 миллиметрлік минометпен жұмыс істеуді Коломенское арнайы конструкторлық бюросы 1944 жылы бастады. Кейіннен жаңа қару-жарақтар Орал көліктік машина жасау зауыты мен Пермдегі машина жасау зауытының арнайы конструкторлық бюросында жасалды. Алғашқы үлгілер 1971 жылы далалық сынақтан өтіп, көп ұзамай 2С4 "Тюльпан" артиллериялық жүйесі пайдалануға берілді.

Жалпы алғанда, олар 580-нен астам "Тюльпан" өндірді де, 1988 жылы өндіріс тоқтады. Қалай десек те, бұл миномет ХХІ ғасырда да өте заманауи көрінеді және ұрыс алаңында өзгемен алмастыратындай баламасы жоқ десе де болады.

Жаңалықтар
0