Қоғам

Тоқаев армияны бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтауды тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысына қарулы күштерді қалыптастыру және дамыту, қорғаныс саласының шығындарын оңтайландыру жұмыстары туралы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына қарулы күштерді қалыптастыру және дамыту, қорғаныс саласының шығындарын оңтайландыру жұмыстары туралы баяндалды.

© Photo : АкордаМемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Тоқаев армияны бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтауды тапсырды - Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Министрдің айтуынша, жүргізілген талдау жұмыстары мен штабтық-ұйымдастыру шаралары биыл 10 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау, әскери техникаларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жоспары, сондай-ақ, электронды әскери комиссариат жобасын енгізу үдерісі туралы айтты.

Кездесуде Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою және оқ-дәрі сақтау инфрақұрылымын жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстарға баса мән берілді.  

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, армияны тиімді әрі бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтау, әскери білім беру ісінің және әскери дайындық үдерісінің сапасын арттыру, сонымен қатар, әскери парадқа дайындық барысы жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0