30 қыркүйекте АҚШ әскери-теңіз күштерінің институты жанармай құю кезінде Калифорниядағы Эль Сентро әскери базасының жанында жанармай құюшы KC-130J ұшағы мен АҚШ теңіз күштері корпусының F-35B Lightning II ұшағы соқтығысқанын хабарлады. Осының нәтижесінде F-35 ұшағы құлап, апатқа ұшыраған. Ұшқыш аман қалған, қазір госпитальде қалпына келу курсынан өтіп жатыр. Сегіз әскери қызметкерден құралған KC-130J танкерінің экипажы зардап шеккен жоқ және ұшақты сәтті қондыра алған.
"Бесінші буының" F-35 жойғыш ұшақтары үш модификацияға сәйкес жасалған: әуе күштері үшін F-35A (ұшу және қонудың стандартты режимімен), теңіз күштері корпусы үшін F-35B (қысқа ұшу және тік қону стандартымен), әскери-теңіз күштері үшін F-35C (ұшу кемесін катапульттеу және аэрофинишерді қолдану арқылы қону стандартымен). Бұл "көрінбейтін" ұшақ шоғыры аз уақыттың ішінде апат салдарынан үш ұшағынан айырылып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Жапония әскери-әуе күштерінің F-35A ұшағы, ал 2018 жылы F-35B Lightning II жойғыш ұшағы америкалық теңіз күштерінің Бофорт (Оңтүстік Каролина штаты) әуе базасының жанында апатқа ұшырады және бұған дейін өрттен бүлінген F-35B ұшағы есептен шығарылды.
Сапа мен бағаның қарама-қайшылығы
F-35 Lightening II жойғыш ұшағын құрған Joint Strike Fighter (JSF) бағдарламасы өткен жылдың қазан айында өзінің жобалық қуатына жетті. Осыған байланысты Lockheed Martin компаниясы мен АҚШ қорғаныс министрлігі 478 F-35 ұшағын сатып алудың орта мерзімді жоспарын жариялады, оның 291-і АҚШ қарулы күштеріне, 127-сі JSF бағдарламасының халықаралық серіктестеріне және 60-ы халықаралық сатып алушыларға арналған. 478 бірліктің жалпы құны шамамен 34 миллиард долларды құрайды.
Сериялардың ұлғаюымен F-35A жойғышының құны (бүгінде бұл шамамен 100 миллион доллар мөлшерінде) біртіндеп төмендейді. Ал 13-ші партиядан бастап 80 миллион доллардан төмен болады. Алайда, мұндай ұшақ құнының төмендеуі сапаның жақсаруына кепілдік бермейді.
5-буын жойғыш ұшағының крейсерлік жылдамдығы 1.4 Мах-тан төмен бола алмайтындықтан, F-35 Lightening II ұшағы 4-ші буында тұрып қалды. Машинаның бес өрескел кемшілігі технологиялық тұрғыдан қалпына келтірілмейді және жалпы құны 1,7 триллион доллардан асатын өндірістік бағдарламаға салмақ түсіреді.
2020 жылдың қыркүйегінде F-35 өте қымбат ұшақ деп танылған. Ал бағдарлама алдағы бес жылда 10 миллиард доллар болатын қаржы жетіспеушілігіне тап болды. Қару-жарақ, жанармай, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы мәжбүрлі "модернизацияның", қосымша зерттеулер мен әзірлемелердің арқасында F-35 өте қымбатқа түсіп тұр. Алайда, пайдаланылуы ауыр екі моторлы F-22 Raptor ұшағынан гөрі арзанырақ.
Бұл жерде F-22 ұшағының 187 бірлігі құрастырылғанын, ал F-35 ұшағының 3000-нан астам бірлігін шығару көзделіп отырғанын есте ұстаған жөн. Мұндай ұшақтар бейбіт уақытта АҚШ-пен серіктес елдердің және Пентагонның бюджетін орасан шығынға ұшыратады. Қауіп шындыққа жанасады, өйткені F-35 бағдарламасы құнының 75%-і оларды пайдалануға кеткен шығындарға жіберіледі. Олар техникалық қызмет көрсету мен жанармай шығыны бойынша шамадан тыс қойылатын талаптарға байланысты болжанған нәтижеден әлдеқайда жоғары. Яғни, технологиялық әлеуеті "шикілеу" F-35 ұшағының "ұрысқа даярлық" қабілетін үнемін сақтап отыру F-16 немесе F-18 жойғыш ұшақтарына қарағанда, әлдеқайда күрделі әрі қымбат. Оның үстіне жоғары технологиялық қарсыласымен ұрыс қолдану әдісі нөлге тең.
Әскери күшке еліктеу
АҚШ армиясы F-35 Lightening II ұшақтары үшін тиісті талаптарға сәйкес келмейтін 15 мыңға тарта қосалқы бөлшек алған. Бұған қоса, жақын арада туындайтын мәселелерді шешу үшін мұндай ұшақ түріне 70 миллион доллардан астам қаражат жұмсалмақ. F-35 ұшағын пайдалануға кететін шығындардың үнемі өсіп отыруы, "тұтынушының" өндіруші фирманың бағдарламалық қамтамасыз етуіне (жаңартуларына) тәуелділіктің артуы, қосалқы бөлшектерді жеткізуде турбуленттілік деңгейінде тұруы бұл ұшақтың ұрысқа дайын болмауына алып келеді.
Иранның Ресейде жасалған радиолокациялық станцияларын қолдана отырып, Американың "көзге көрінбейтін" ұшақтарын – Парсы шығанағы аймағындағы екі F-35A эскадрильясының, тіпті Катардағы F-22 Raptor эскадрильясының орналасуын жақсы айқындайтыны белгілі. Тегеран үлкен қашықтықтағы С-300ПМУ-2 әуе қорғаныс жүйесін тиімді сатып алған, ол қуатты радарлар мен зымыран тасығыштарды қамтиды. Иран орналастырған "Резонанс-НЭ" әуе қорғаныс жүйесі де өте тиімді, ол F-35 жойғыштарын ел шекарасына жақын жерден анықтап, қадағалап отырады.
Ресейлік мамандардың радиолокация саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып жасаған "Резонанс" ұшағы аэродинамикалық әуе нысандарын ("көзге көрінбейтін" жойғыштар мен гипердыбыстық зымырандарды қосқанда) 600 шақырымға дейінгі қашықтықта, 100 шақырымға дейінгі биіктікте анықтауға және "тапсырма беруге" қабілетті. Бұл ретте баллистикалық нысандар "Резонанс-НЭ"-нің көру аймағына 1 100 шақырымға дейінгі қашықтықта түседі. Іс жүзінде Иран Ислам республикасының бүкіл әуе қорғаныс жүйесі шамамен 2017 жылдан бастап Пентагон үшін үлкен "бас ауруына" айналды. Сол себепті ол Тегеран тарапынан бомбаланбайды.