Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Түнгі мыстандар" мініп, жауға қырғидай тиген По-2 ұшағы қандай еді – фото

Жазылу
Ұлы Отан соғысында жаумен шайқасқан жалғыз қазақ ұшқыш әйелі әйгілі әуе полкінің құрамында болды және По-2 ұшағымен ұшты

Оралдық мектеп оқушысы Хиуаз Доспанова бала кезінен ұшуды армандады.

Мыңдаған бала сияқты ол да КСРО-ның ұшқыш-батырлары Гризодубова, Осипенко, Раскованың ерлігіне тәнті болған еді.

Хиуаздың аэроклубта По-2 оқу ұшағымен жаттығуына ата-анасы қарсы болмаған. Ал кейін ол осы ұшақпен бүкіл соғысты бастан өткерді.

Ұшақ – жеңіл, маневр жасауға оңтайлы, фанера мен металдан жасалған. Мұндай ұшақта ұшқыш пен штурман үшін екі орын ғана бар. Олар сағатына 120-130 шақырым жылдамдықпен, төмен биіктікте және тек қана түнде ұшатын. Өйткені, күндіз жау үшін оңай нысанаға айналады.

Оқи отырыңыз: Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?

Хиуаз аты аңызға айналған ұшқыш Марина Расковамен кездесуді армандады. Сондықтан ол мектепті бітіргеннен кейін Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери әуе академиясына оқуға түсуге аттанды. Өкінішке қарай, бұл оқуға түсу мүмкін болмағандықтан, Хиуаз дәрігер мамандығын таңдап, Бірінші Мәскеу медициналық институтының студенті болды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Хиуаз мединституттың екінші курсында оқып жүрді. Атақты Марина Раскованың басшылығымен әйелдер әуе полкі құрылып жатқанын естіген қыз ұшқыш болу арманының орындалуына аз қалғанын түсінді. Хиуаз кейіннен "Түнгі мыстан" деп аталып кеткен 588-ші түнгі жеңіл бомбалаушы авиация полкінің штурман-атқышы болды.

Небәрі 17-22 жас аралығындағы ұшқыштар мен механиктерден құралған полктегі жүз он бес жас қыз фашистерге қырғидай тиді. Достары Катя деп атаған Хиуаз Доспанова Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказ бен Закавказьеде, Украинада және Белоруссияда соғысты. Полк бүкіл соғыстан өтіп, Жеңісті Берлин түбінде қарсы алды.

Оқи отырыңыз: 17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер

© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуКраснодардағы Пашковский әуежайы ғимаратының алдындағы 588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның ескерткіші және У-2 (По-2нлб) ұшағының моделі. Ұлы Отан соғысы жылдарында По-2 ұшағымен 588-ші жеңіл бомбалаушы әйелдер әуе полкі ("Түнгі мыстандар") соғысты.
Краснодардағы Пашковский әуежайы ғимаратының алдындағы 588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның ескерткіші және У-2 (По-2нлб) ұшағының моделі. Ұлы Отан соғысы жылдарында По-2 ұшағымен 588-ші жеңіл бомбалаушы әйелдер әуе полкі (Түнгі мыстандар) соғысты. - Sputnik Қазақстан
1/10
Краснодардағы Пашковский әуежайы ғимаратының алдындағы 588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның ескерткіші және У-2 (По-2нлб) ұшағының моделі. Ұлы Отан соғысы жылдарында По-2 ұшағымен 588-ші жеңіл бомбалаушы әйелдер әуе полкі ("Түнгі мыстандар") соғысты.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуПолк 1941 жылдың қазан айында құрылды. Ал қыздар алғашқы жауынгерлік ұшуды По-2 ұшағымен 1942 жылдың 12 маусымында орындады, олардың ішінде жалғыз қазақ ұшқыш әйелі Хиуаз Доспанова бар.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
2/10
Полк 1941 жылдың қазан айында құрылды. Ал қыздар алғашқы жауынгерлік ұшуды По-2 ұшағымен 1942 жылдың 12 маусымында орындады, олардың ішінде жалғыз қазақ ұшқыш әйелі Хиуаз Доспанова бар.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өту588-ші әйелдер әуе полкінің ("Түнгі мыстандар") алғашқы құрамына 115 адам кірді. Механиктен бастап, ұшқыштар мен штурмандарға дейінгі барлық лауазымдарды 17-22 жас аралығындағы қыздар атқарды.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
3/10
588-ші әйелдер әуе полкінің ("Түнгі мыстандар") алғашқы құрамына 115 адам кірді. Механиктен бастап, ұшқыштар мен штурмандарға дейінгі барлық лауазымдарды 17-22 жас аралығындағы қыздар атқарды.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өту588-ші бомбалаушы әйелдер әуе полкі барлық жауынгерлік тапсырманы тек түнде орындағандықтан, "Түнгі мыстандар" деген аңызға айналған атауды иеленді. Қыздар бомбаланатын нысандарға жақындағанда қозғалтқышты өшіріп қоятын. Ал фашистер сыпырғыштың ысқырығына ұқсайтын дыбысты ғана еститін.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
4/10
588-ші бомбалаушы әйелдер әуе полкі барлық жауынгерлік тапсырманы тек түнде орындағандықтан, "Түнгі мыстандар" деген аңызға айналған атауды иеленді. Қыздар бомбаланатын нысандарға жақындағанда қозғалтқышты өшіріп қоятын. Ал фашистер сыпырғыштың ысқырығына ұқсайтын дыбысты ғана еститін.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуНеміс басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерлігі үшін аты аңызға айналған "Түнгі мыстандар" полкі 1943 жылдың ақпан айында "Гвардияшылар" құрметті атағын алып, 46-шы гвардиялық түнгі бомбалаушы авиация полкіне айналды.
Памятник командиру 588-го ночного легкобомбардировочного  женского авиаполка Евдокии Бершанской и макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
5/10
Неміс басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерлігі үшін аты аңызға айналған "Түнгі мыстандар" полкі 1943 жылдың ақпан айында "Гвардияшылар" құрметті атағын алып, 46-шы гвардиялық түнгі бомбалаушы авиация полкіне айналды.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуЖалғыз қазақ әйел ұшқышы Хиуаз Доспанова "Түнгі мыстандар" авиация полкінде оның құрылған сәтінен бастап Жеңіске жеткенге дейін қызмет етті.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
6/10
Жалғыз қазақ әйел ұшқышы Хиуаз Доспанова "Түнгі мыстандар" авиация полкінде оның құрылған сәтінен бастап Жеңіске жеткенге дейін қызмет етті.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуХиуаз Доспанова өз құрбыларымен бірге По-2 ұшағымен 300-ге жуық жауынгерлік тапсырманы орындады.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
7/10
Хиуаз Доспанова өз құрбыларымен бірге По-2 ұшағымен 300-ге жуық жауынгерлік тапсырманы орындады.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өту588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның соғысқа дейін 10 жылдық ұшу тәжірибесі болған.
Памятник командиру 588-го ночного легкобомбардировочного  женского авиаполка Евдокии Бершанской и макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
8/10
588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның соғысқа дейін 10 жылдық ұшу тәжірибесі болған.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуПолк құрылған кезде 20 По-2 ұшағы болды, кейін олардың саны 45-ке, ал соғыстың соңында 36 әскери ұшаққа жетті.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
9/10
Полк құрылған кезде 20 По-2 ұшағы болды, кейін олардың саны 45-ке, ал соғыстың соңында 36 әскери ұшаққа жетті.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv / Медиабанкке өтуПо-2 ұшағын ұшқыш та, штурман да басқара алатын. Ұшқыш көз жұмып, штурман ұшақты базаға қондырған жағдайлар болды. 1943 жылдың тамызына дейін қыздар парашют алмай, оның орнына 20 килограмм бомба алғанды жөн көрді.
Макет самолета У-2 (По-2нлб) у здания аэропорта Пашковский в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
10/10
По-2 ұшағын ұшқыш та, штурман да басқара алатын. Ұшқыш көз жұмып, штурман ұшақты базаға қондырған жағдайлар болды. 1943 жылдың тамызына дейін қыздар парашют алмай, оның орнына 20 килограмм бомба алғанды жөн көрді.
Жаңалықтар
0