Bloomberg ақпараттандырылған мәлімет көздеріне сілтеме жасай отырып, Кипр Беларусь еліне қарсы Еуроодақтың санкция қабылдауын бұғаттағаны жөнінде хабарлады.
Басылым ақпараты бойынша, мемлекет Минскіге қатысты ұсынылған шаралармен келіспей, Кипрдың экономикалық аумағында табиғи газ өндіру бойынша бұрғылау жұмыстарына қатысқан жеті түркиялық компанияны ЕО-ның санкциялық тізіміне қосуды талап еткен.
Беларуське қарсы санкцияларды қабылдау үшін Еуроодаққа мүше барлық 27 елдің келісімі қажет.
ЕАЭО институтының бас директоры Владимир Лепехин Sputnik радиосының эфирінде санкцияларға қатысты Еуроодақта баяғыдай позиция бірыңғайлылығы жоқ екенін мәлімдеді.
"Екі ірі еуропалық ел – Франция мен Германия өз позицияларын өзгерткенін байқап отырмыз. Олардың экономикалық санкциялар жариялауға құлқы жоқ. Яғни, Еуропаның жігі ажырады. Беларусьтегі барлық оқиғаларды Польша, Литва секілді мемлекеттер Ұлыбритания мен демократтар қолдауымен ұйымдастырып отыр. ", - деді Владимир Лепехин.
Оның айтуынша, Вашингтон емес, Ақ үй емес, дәл осы қорлар демеуші болуда.
"Беларусь еліне шабуылдап жатқандар Ресейге де, Белоруссияға да қатысты санкцияларды қолдап отыр. Бірақ, ауқымды демеуге ие емес. Ойын жүріп жатыр. Қосымша санкциялар жариялауға деген бұрынғыдай құлшыныс жоқ. Не себепті Беларусьтегі "революцияның" жалғасы болмайды? Себебі, Беларусь президентін тақтан тайдыруды көздейтін саясаткерлерді Еуропадағы көптеген елдер қолдап отырған жоқ. Революция аяқталуға жақын, Ресей Беларуське көмектесуге уәде етті. Батыстағылар мұның барлығын түсініп отыр", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін ЕО Беларусьте өткен президент сайлауын әділ деп санамайтынын мәлімдеп, оның нәтижесін қабылдаудан бас тартты. Сонымен қатар, Еуроодақ көшбасшылары көтерілісшілерге қарсы күш қолдану және сайлау нәтижесін бұрмалауға қатысты Минск бойынша жеке санкциялар енгізу туралы келісті. Эстония, Латвия және Литва белоруссиялық 30 шенеуніктің өз елдерінің аумағына кіруіне тыйым салды.
Еурокомиссия баспасөз және ЕО сыртқы саясат қызметінің өкілі Петер Станоның айтуынша, Еуроодақ Беларусьтегі жағдайға байланысты шектеу шаралары енгізілетін тұлғалар тізімін әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырып жатыр.