НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Еуропа Одағына мүше ірі мемлекет тұрғындарының арасында "Sputnik. Пікір" сауалнама жүргізді.
Сауалнама 2019 жылдың 2-15 қазаны аралығында жүргізілген. Оның қорытындысына сәйкес, сауалнамаға қатысқан немістердің 84%-і, италиялықтардың 78%-і, француздардың 75%-і және ұлыбританиялықтардың 68%-і алдағы уақытта Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы байланыстың жақсарғанын қалаған.
Германия тұрғандарының 10%-і, Италия мен Франция азаматтарының 13%-і және Ұлыбритания азаматтарының 16%-і теріс пікір білдіріпті.
Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы байланыстың жақсарғанын қалағандардың көпшілігі жоғары білімі бар азаматтар. Сауалнама жүргізілген төрт елде әйелдерге қарағанда ер адамдар белсенділік танытқан.
Сауалнаманы Sputnik үшін IFop компаниясы жүргізді. Оның мәліметіне сәйкес, сауалнамаға 18 жастан жоғары 4012 адам қатысқан.
Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.
Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына 60 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik China аккаунты мен Вэйбо жазылушыларының саны 10,5 миллионға жетті.
Тағы оқыңыз: Еуроодақ Назарбаевтың отставкасына пікір білдірді
Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 22 редакциялық орталықта мыңнан астам адам жұмыс істейді. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.
"Sputnik.Пікір" халықаралық жобасы 2015 жылдың қаңтарында өз жұмысын бастаған. Жоба аясында АҚШ және Еуропа елдерінде өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша сауалнамалар жүргізіледі.
"Sputnik.Пікір" жобасының серіктестері – Populus, IFop және forsa сынды халықаралық зерттеу компаниялары.