Америкалық Patriot зымыран кешені Эр-Риядта сәтсіздікке ұшырады

© AP Photo / Andrew Caballero-ReynoldsВоенный стоит на фоне зенитного ракетного комплекса Patriot
Военный стоит на фоне зенитного ракетного комплекса Patriot - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та дайындалған Patriot зениттік зымыран кешендері Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядты йемендік көтерілісші- хуситтердің әуе соққысынан қорғап қала алмады және өзінің «өткен дәуір қаруы» деген атауын кезекті рет растады

«Ансар Алла» («Алла көмекшілері», хуситтер) қозғалысының йемендік бүлікшілері 23 маусымда Сауд Арабиясы аумағындағы нысандарға соққы жасап, бұл жөнінде ашық мәлімдеме жасады және америкалық Patriot ЗЗК-ден өз қаруларының күші басым екенін паш етті.

Бірнеше соққы жасайтын пилотсыз ұшу аппараттары (ПҰА) және зымырандар хуситтердің бақылауындағы аумақтан іске қосылып, 700 км қашықтықты және әуе шабуылына қарсы қорғаныштың үш позициялық ауданын еңсеріп өтіп, Эр-Риядтағы нысандарды қиратқан. Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, хуситтердің зымырындары мен пилотсыз аппараттары әскер, қорғаныс министрлігі штабы және әуе базасына бағытталған.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады – министрлік мәлімдеме жасады
Сауд Арабиясының қорғаныс министрлігі әуедегі нысандардың жойылғаны туралы мәлімдеді және жекелеген пилотсыз аппараттар (немесе зымырандар) Эр-Риядта өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асырғанын атап өтті. Куәгерлер Арабия астанасындағы екі дүркін жарылыс пен қою түтін туралы айтқан (хуситтердің өткен жылы Абкайк пен Хурбыла мұнайды қайта өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдары едәуір жойқын әрі  салдары ауыр болды).

Кей болжамдар бойынша, Patriot кешендері шабуылдаушы ПҰА-ны өз қарулы нысандары ретінде танып, олардың өтіп кетуіне рұқсат еткен. Сондай-ақ, Patriot ӘШҚ-ЗШҚ сәйкестендіру жүйесіне кибершабуыл жасалып бұзылған немесе радиоэлектрондық күрес құралдарымен күші бәсеңдетілген деген де болжам бар.

Бұл болжамды пікірлердің ішіндегі ең сорақысы – технологиялық тұрғыдан жетілмеген «патриоттар» әуедегі нысандарды байқамай қалған болуы мүмкін. Қалай болғанда да, Сауд Арабиясының йемендік хуситтермен арадағы дауы бара-бара жоғары технологиялық сипатқа ие болып, бүкіл өңір үшін қауіп төндіріп тұр. Ал америкалық қару-жарақ санының өсуі (Patriot ЗЗК қосымша батареялары және жаңа позициялық аудандар) бұл істе ықпал етуге қауқарсыз.

Баяғы Patriot жоқ

Хуситтер Сауд Арабиясындағы Сальман патшаның атындағы әскери-әуе күштерінің базасы мен қорғаныс министрлігіне соққы жасағанын айтады. Коалиция мәліметі бойынша, корольдіктегі ӘШҚ күштерімен 23 маусым күні таңертең Эр-Рияд және Наджран мен Джизан қалаларына йемендік көтерілісшілермен бағытталған төрт баллистикалық зымыран мен бірнеше камикадзе-пилотсыз аппараттарының көзі жойылған. Соққы жасауға нақты қанша әуе нысаны бағытталғаны белгісіз. Хуситтер әлі аяқталмаған «ауқымды операция» жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл мәселеде белгісіз тұстар көп.

Лаборатория, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ Қазақстан биологиялық қару әзірлейді деген ақпаратқа түсініктеме берді
Салыстыру үшін айтар болсақ, өткен жылдың күз мезгіліндегі операцияда бүлікшілер 18 дрон және жеті зымыранды іске қосқан болатын. Хуситтер өкілі «Касеф» пен «Саммад-3» жаңа пилотсыз ұшу аппараттарының 1700 километрді еңсеру мүмкіндігін атап өтті. Яғни, мұндай қашықтыққа қабілетті йемендік дрон-камикадзе Сауд Арабиясындағы нысанды кез келген бағыттан іске қоса алады (мысалы, Эр-Риядқа Катар жақтан шабуылдауы мүмкін) және Patriot кешендері қауқарсыз болуы ықтимал.

Себебі, олар кеңістікті шектеулі секторда (90 градус) бақылай алады және эшелондар саны ӘШҚ сапасына әсер етпейді. Patriot кешені ұшақтарды, баллистикалық нысандарды, орташа қашықтыққа ұшатын зымырандардың көзін жоюға арналған. Сондықтан көлемі шағын соққы жасауға арналған пилотсыз ұшу аппараттары мен қанатты зымырандар оның профиліне жат нысандар.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұған дейін мынандай мәлімдеме жасады: «Әлемдегі ең мықты жүйелердің өзі барлық кезде бағыттағы нысанды жоя бермейді». Ал, егер олар алдын ала қауқарсыз болса, онда йемендік хуситтердің Сауд Арабиясы нысандарына шабуылы мінсіз орындалары анық. Зымырандық қару-жарақ пен соққы жасайтын пилотсыз ұшу аппараттары әлем бойынша түрленіп, дамып келеді. Ал, америкалық Patriot ЗЗК модернизациясы бір орында тапжылмай тұр.

РАС-2 мен РАС-3 модификацияларында технологиялық жаңашылдықтың иісі де жоқ. РАС-3 жобасына «жеделдетілген» РОС пен жаңа зымыран берілсе, басқа модернизациялар жекелеген тораптар мен агрегаттардың ауыстырылуын ғана қарастырды. Пентагон Patriot кешенін 2030 жылға дейін қолдануды жоспарлап отырса, бұл болашаққа деген ең оптимистік көзқарас болар еді.

Техникалық-тактикалық сипаттамаларына сәйкес, Patriot сағатына 2500 километр жылдамдықпен, 100 километрге дейінгі арақашықтықа (баллистикалық – 25 километрге дейін) және 25 киломтер биіктіке дейін (баллистикалық – 11 километрге дейін) ұша алатын әуе нысандарының көзін жоюға қауқарлы. ЗЗК бір уақытта 8 нысанға дейін жоя алады. Кешеннің әрекет ету уақыты 15 секунд (бұл өте баяу, себебі осы уақытта нысан 10 км ұшып өтуі мүмкін).

Пуск РН Протон-М с космодрома Байконур, архивное фото - Sputnik Қазақстан
"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды
Patriot ЗЗК радарының шолу бұрышы 90 градус және ол әуе нысандарының пайда болуы ықтимал бағыттарға орнатылады (ешқандай шеңбермен шолу жүйесі жоқ). Қарапайым сипаттамалары қарулы күш саласында қолданылатын аса сәтті емес тәжірибелермен толықтырылып жатыр.

Осылайша, 1991 жылдың басынан бері Ирак жіберген 91 «Скад» Р-17 зымыранының (антиквариат) тек 45 америкалықтармен көзі жойылған. Ал америкалықтардың шығын еткен зениттік зымырандарының саны 158. Нысаннан 20 және 7 километрді құрайтын тосқауыл жасау биіктігі мен ұзақтығының аздығы америкалық кешеннің басты кемшілігі болған.

Алайда, осы кемшіліктеріне қарамастан, Patriot ЗЗК халықаралық нарықта бақандай 1 миллиард доллар тұрады. 2017 жылдың өзінде АҚШ Сауд Арабиясына 110 миллиард долларға қару-жарақ сатқан. Бұл адамзат тарихындағы ең ірі қару-жарақ саудасы болды. Жапония америкалық ЗШҚ AegisAshore жүйесін өз аумағына орналастырудан тектен-текке бас тартпады.

Жергілікті өндіріс пе?

Йемендік көтерілісшілер Иран тарапынан қолдау алып, оларға ирандық қару-жарақ жеткізіліп жатқанын айту – ақиқатты жеңілдету. Хуситтер технологиялық тұрғыда өз бетінше қауқарлы, теңізде соғыс әрекеттерін сенімді жүргізіп келеді және бұған дейін өз өндірісінің жемісі болып табылатын жаңа пилотсыз ұшу аппараттары мен зымырандар көрмесін ұсынған болатын. Бұлар Сауд Арабиясымен соғыста пайдаланылатынын мәлімдеген. Айта кету керек, аталған әуе нысандары жүздеген шақырымды еңсеріп, нысанға дөп тиюде мінсіз.

Жапан дала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның батысында зымыран бөлшегі табылды
Йемендегі қарулы қақтығыс конфессияралық, саяси және өңірлік қайшылықтардың салдары. Онда әскери реттеу жүргізу жолы жоқ. Сунниттер мен шейіттер арасындағы қақтығыстар бастауы тереңде жатыр. Бұл аталған екі тараптың бір жағында Иран тұрса, екінші жағындағы қолдау көрсетуші – Сауд Арабиясы. Йеменнің солтүстігінде мұнай кен орындары, ал, оңтүстігінде көмірсутектер транзитінің маңызды порты Аден тұр. Сондықтан, Эр-Риядтың барлығын бақылауда ұстауға деген құлшынысын түсінуге болады.

Еске салсақ, 2015 жылы көтерілісші хуситтер биліктегі президенттің қашып кетуінен кейін Сана астанасын жаулап алды. Сауд Арабиясы АҚШ-тың мақұлдауымен және БҰҰ санкциясынсыз йемендік «хуситтерге» қарсы операциясы бастап кетті. Қару-жарақ бойынша БАӘ, Бахрейн, Кувей, Катар, Иордания, Мысыр, Пәкістан, Марокко мен Судан қолдау көрсетті. Бүгінде Йемендегі азаматтық соғыстың жалғасып жатқанына алты жылдан асты. Ал араб коалициясының араласуы соғыс әрекеттерінің ушығуына алып келді.

Жаңалықтар
0