АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстанның батыс өңірінде зымыран бөлшегі табылды.
Атырау облысы Құрманғазы ауданында қураған шөп өртеніп, ерікті өрт сөндірушілер жасағы өрт сөндіру кезінде зымыран бөлшегін тауып алды.
Ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Sputnik агенттігіне растады.
Комитеттің мәліметінше, өңірдегі радиация деңгейі нормадан ауытқымаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Зымыран құлауының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Зымыраннан қорыққан адамдар үйлену тойын тастап, қаша жөнелді — видео