Қоғам

Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады – министрлік мәлімдеме жасады

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуБайқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрлігі зымыран сынығының белгіленген аумақтан тыс жерге құлағанын хабарлады. Жарылыс болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігі жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Ақтөбе облысында зымыран сынығының құлауына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 қаңтарда болды. Қазақстан аумағындағы полигонды жалға алған Ресей қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде бір зымыранның сынығы белгіленген аумақтан тыс жерге құлаған.

"Жарылыс болған жоқ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер жоқ, нысандар қирамаған. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

Министрліктің ақпаратынша, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілген. Оқиға орнында ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті қызметі жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды қоршауға алды.

Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.

Тағы оқыңыз: Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып түсіргенін мойындады

Ресейдің қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағындағы полигонды екі ел арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес жалға алады.

Жаңалықтар
0