Тарихты қайта жазу кімге керек?

© Sputnik / Host photo agency / Alexander Vilf / Медиабанкке өтуВоенный парад в ознаменование 75-летия Победы на Красной площади
Военный парад в ознаменование 75-летия Победы на Красной площади - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тағы ескерткіштерді құлату эпидемиясына қатысты пікір білдірген көптеген зерттеушілер мұны тарихты жаппай қайта жазу деп атап отыр

Алайда, өткен дәуірдің куәгерлерімен күресіп жатқан белсенділердің негізінен ештеңені де қайта жазып жатпағанын сіз бен біз жақсы түсінеміз. Себебі, олардың тарих жайлы түсінігі күмән тудырады. Әйтпесе, жазушы Мигель Сервантестің Сан-Францискодағы ескерткішін қиратуы америкалық хунвейбиндердің қаламгерді кезекті конкискадор ретінде қабылдауының "жемісі" демеске амал жоқ, деп жазады РИА Новости. 

Сондай-ақ, Демократиялық партияның негізін қалаушылардың бірі Эндрю Джексонның мінсіз мүсініне нұқсан келтірмек болғандар дәл осы партия үміткеріне дауыс бермекші азаматтар екені тіпті ақылға қонымсыз. Тарихты орындаушылар емес, акцияларға идеологиялық қолдауды қамтамасыз етіп жатқандар қайта жазып жатыр. Бұл ойлары жүзеге асып жатқанын мойындамасқа шара жоқ.

АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздіктер  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
АҚШ-тағы наразылық кезінде қазақстандықтың көз жұмғаны рас па – министрлік жауабы
Sputnik.Пікір тапсырысы бойынша IFop атты француздардың танымал әлеуметтік компаниясы жақында жүргізген сауалнама америкалықтардың тарихқа деген нигилистикалық қарым-қатынасы алдыңғы ғасырдың оқиғаларына ғана қатысты емес екенін көрсетті. Мысалы, сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың үштен біріне жуығы Еуропадағы Жеңіс күні – 8 мамырда қандай мерекені тойлайтындарынан бейхабар. Ал, олардың 11%-ы Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ Ресейге қарсы соғысты деп пайымдайды.  

Егер, осы зерттеуге зер салсақ, америкалық жастардың (ескерткіштермен "шайқасып" жүргендердің басым бөлігін осылар құрайды) арасында өз тарихын білу деңгейі басқа буынмен салыстырғанда ең төменгі деңгейде тұрғаны анықталды. Осылайша, 18 бен 24 жас аралығындағылардың 21%-ы АҚШ Ресеймен соғысқанына кәміл сенімді болса, 13%-ы Қытайға қарсылық көрсетті деп ойлайды. 65 жастан жоғары азаматтардың арасында мұндай пікірдегілер сәйкесінше тек 7 және 2%-ды құрады.

Бұл дегеніміз, қазіргі жас буынның өсуі және егде жастағылардың азаюына байланысты ата-бабасы кейбір одақтастарымен бірігіп (еске салсақ, жақында ғана Ақ үй олардың арасынан тек Ұлыбританияны атады), Мәскеу мен Бейжіңді басып алмақшы болғанына сенімді америкалықтар саны күннен күнге артатынын білдіреді. Қарсыластарға қатысты пікір антиресейлік және антиқытайлық науқанның даму деңгейіне , сондай-ақ Голливуд "негізгі жау" ретінде кімді көрсететініне қарай өзгеретіні анық.

Соңғысы, әрине, тек АҚШ жастарына ғана қатысты емес. Нацизмді талқандауға кімнің көп үлес қосқанына қатысты француздардың арасындағы қоғамдық пікірдің айтарлықтай түрленуі де сөзіміздің қарапайым мысалы бола алады. 1945 жылы олардың басым көпшілігі (57%) КСРО-ны және небәрі 20%-ы АҚШ-ты атаған. Себебі, еуропалықтар ол кезеңді өз басынан өткеріп, барлығын өз көзімен көрді.

Нурсултан Назарбаев и Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресей премьері Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі
Ал 2015 жылы аталған IFop компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесі 70 жыл ішінде пікір күрт өзгергенін анықтады: ендігі ретте француздардың 54%-ы негізгі жеңімпаз ретінде Американы атаса, небәрі 23%-ы Кеңес Одағын көрсеткен. Мұнда да үрдіс көрініп тұр: аудитория неғұрлым жас болса, америкалықтардың Жеңіске жетудегі үлесі соғұрлым жоғары бағалануда. Тіпті, жас француздардың кейбір бөлігі Гитлерді Париж кинотеатрында Бред Питт талқандады деп сенімді айта алады деген күдік те жоқ емес.

Процесс тоқтап қалған жоқ. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. 2015 және 2020 жылдары (сәйкесінше, Жеңістің 70 және 75 жылдығына орай) YouGov британиялық социологиялық фирмасы жүргізген қос сауалнаманы салыстыру нәтижесі Кеңес Одағын нацизмге қарсы күрестегі негізгі жеңімпаз деп санайтындар Батыстың басым елдерінде бәсеңдеп бара жатқанын анықтады. Барлығымызға түсінікті себептер бойынша бұл жөніндегі тарих немістерде сақталған. Әйтсе де, келе-келе Германияда да америкалықтар бірінші орынға шықты: 2015 жылы сауалнамаға қатысқан Германия азаматтарының 37%-ы нацизмге қарсы соғыста елеулі үлес қосқан АҚШ десе, 27%-ы КСРО-ны атады. Арада небәрі бес жыл өткенде бірінші және екінші нұсқа арасындағы айырмашылық айтарлықтай артып, сәйкесінше 43% және 21%-ды құрап отыр.

Шындығында, бұқара түсінігі мен санасында Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын кезеңді, жоспарлы әрі біртіндеп қайта жазу деген осы. Бұл құбылыстың заманауи саяси даму үшін қаншалықты қауіпті екенін Владимир Путин Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған өз мақаласында атап көрсетті: "Ең алдымен Екінші дүниежүзілік соғыс пен оның аяқталуы тақырыбына қатысты қазіргі уақытта Батыста болып жатқан тарихи ревизионизм 1945 жылы Ялта және Сан-Франциско конференцияларында негізі салынған бейбіт даму ұстанымдары ұғымын дөрекі бұрмалауымен қауіпті".

Здание министерства иностранных дел РФ на Смоленской-Сенной площади в Москве. - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей АҚШ-тың Ашық аспан келісімшартынан шығу әрекетін айыптады
Назар аударсаңыз, антиресейлік үгіт-насихатты үздіксіз өршітуді жолға қойғандар үшін бұл мақала ауыр соққы болды. Анығында, Ресей президенті тарихты қайта жазуды доғаруға шақырған нақты әрі екіұдай мағынасы жоқ үндеуін көріп отырмыз. Бірақ, CNN ақпаратты аударып-төңкеріп, "Путин Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын қайта жазуда" деген тақырыппен материал әзірледі.

Британиялық танымал колумнист Эдвард Лукас та дәл осындай әдісті қолдануда. RT оны тұрақты түрде ғаламшардың үздік 10 русофобтары қатарына қосып келеді. The Times басылымында ол Путинді тарих ревизионисті деп атап көрсеткен. Дәл осы тезисті СЕРА Еуропа саясатының талдау орталығы сайтында тағы қайталады. Мұның барлығы президенттің ревизионизмнің қауіптілігі және одан бас тарту турасындағы тікелей үндеуінен кейін орын аоып отыр. Жоғарыдағы сауалнаманың салыстырмалы мәліметтері шынтуайтында кім және қай бағытта тарихты қайта жазып жатқанының дәлелі болып тұр емес пе?

Штаттағы "кремльтанушылардың" мұнша ашулануы түсінікті. Себебі, олардың бастығы машығы – барлық фронтта (идеологиялық, саяси, тарихи) Ресейге қарсы күрес жүргізу болып табылады. Бұл орайда аталған СЕРА орталығының жетекші аналитигі Януш Бугайскийдің Ресей Федерациясын ыдырату жөнінде өткен жылы Вашингтонға берген достық кеңестерін еске алсақ жеткілікті.

Дәл осы себепті мұндай адамдар мен институттар үшін жаһандық тарихты қайта жазу бойынша соңғы онжылдық үрдісін ұстап тұру аса маңызды. Яғни, қараны ақ деп, соғыста жеңілгендерді жеңімпаздарға теңестіру, тарихи естеліктерді қаз-қалпында сақтауға шақыруды "тарихты қайта жазу" деп ұсынуға барын салады.

Жаңалықтар
0