Қоғам

Ресей премьері Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі

© Photo : elbasy.kzНурсултан Назарбаев и Михаил Мишустин
Нурсултан Назарбаев и Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік салаларындағы   ынтымақтастықты талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік, инвестиция және басқа да салалардағы Қазақстан – Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19-дың таралуына қарсы бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирус жұқтырған Мишустинге тезірек сауығуды тіледі 

Ресей үкіметінің басшысы Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі.

Назарбаев коронавирус жұқтырды

18 маусымда Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясына тапсырған анализі оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.  

Ол Назарбаевтың өзін оқшаулағанын және қашықтан жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа коронавирустан тезірек сауығып кетуді тіледі.

Айта кетейік, 2020 жылы 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толады.

Бұған дейін бірнеше депутат пен шенеуніктен коронавирус табылды. Індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, депутат Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Үкімет мүшесінен вирус табылғаннан кейін премьер-министр Асқар Маминнен бастап, барлық дерлік министр өзін оқшаулады. Қазір олар қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0