Әлем

Ресей АҚШ-тың Ашық аспан келісімшартынан шығу әрекетін айыптады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуЗдание министерства иностранных дел РФ на Смоленской-Сенной площади в Москве.
Здание министерства иностранных дел РФ на Смоленской-Сенной площади в Москве. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік дипломаттың айтуынша, техникалық мәселелерді талқылауды жалғастыруға ешқандай кедергілер жоқ және бұл үшін тараптардың келісімнен шығуы шарт емес

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ресей АҚШ-тың Ашық аспан келісімшартынан шығуын техникалық проблемалардың болғандығымен негіздеу жөніндегі кез келген әрекетін қабылдамайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бейсенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей келісімшарт талабын сақтамағандықтан одан шығатынын мәлімдеді. Ол "жаңа келісімге" қол жеткізу үшін "жақсы мүмкіндік бар" деп түсіндірді.

"Біз осы іргелі келісімшарттан шығуды кейбір техникалық проблемалардың болуымен ақтап алудың кез-келген әрекетін қабылдамаймыз. Әскери қауіпсіздік саласындағы кез келген келісім әдетте өте күрделі мәселе екенін білемін. Егер саяси ерік болса (ал оларға саяси ерік болған кезде ғана қол қойылады), барлық мәселе ынтымақтастық пен мүдделер тепе-теңдігі негізінде және тиісті режимдердің өміршеңдігін сақтау қажеттілігі ескеріле отырып шешіледі", – деді Александр Грушко.

Дипломат техникалық мәселелерді талқылауды жалғастыруға ешқандай кедергілер жоқтығын және бұл үшін тараптардың келісімнен шығуы шарт емес екенін атап өтті.

"Ал келісімшарттан шыққан жағдайда, онда техникалық мәселелерді шешу мүмкін болмайды", – деп толықтырды Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Сонымен қатар, Александр Грушко Ресей шартты бұзған жоқ деп мәлімдеді. Айтуынша, күрделі техникалық мәселелерді арнайы құрылған комиссия шешуі керек.

Оқи отырыңыз: Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ашық аспан келісімшарты Еуропада 20 жылдан астам уақыт бойы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап келе жатқанын атап өтті.

Ашық аспан келісімшарты

Ашық аспан келісімшартына 1992 жылы қол қойылды және қырғи-қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және оған қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ақпаратты ашық жинауға мүмкіндік береді. Келісімшартқа 34 мемлекет қол қойды.

Жаңалықтар
0