Әлем

Студент жұмыс іздейді: білім алып жүріп, қалай ақша табуға болады?

© Sputnik / Владислав Водневстуденттер, архив
студенттер, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларусьтен оқуға келген көптеген студент сабақтан тыс уақытта жұмыс істейді. Жұмысты жоғары оқу орнынан, әрі сырттан икемді жұмыс кестесімен табуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Сондай-ақ мамандық бойынша тағылымдаман өтетін орынды арнайы іздеуге де мүмкіндік бар. Ең маңыздысы сабақты ұмытпай, болашақ дипломнан айырылып қалмауды ойлау керек.

Жұмысты қайдан іздеген жөн?

Студент үшін әрқашан қосымша табыс көзін табу өзекті мәселе. Себебі, кез келген стипендияны жалақымен салыстыруға келмейді. Студент сабағын оқи жүріп, университетте де қосымша табыс таба алады. Бірақ ол үшін шетелдік студентке арнайы рұқсат қажет.

Көптеген жоғары оқу орны өз тәлімгерлеріне бірқатар вакансиялар ұсынады. Әдетте таңертең оқитын студенттер жарты ставкаға еңбек етсе, кешкі бөлімде білім алатындар толық ставкада жұмыс істейді. Жазда құрылыс жасақтарында курстастардың жанында қосымша табыс табуға мүмкіндік бар.

Посол России в Швейцарии Сергей Гармонин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жатақханада бірге тұрдық": Тоқаевтың курстасы оның қандай студент болғанын айтты
Осы орайда Тәжікстаннан Мәскеуге келіп, білім алып жүрген студент Максаджон Ризаев бұл мәселеге қатысты өз ойын айтты. Ол Георгий Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде оқиды.

"Егер жоғары оқу орнында бос вакансия болса, ыңғайлы жұмыс кестесімен жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ университет студенттерге түрлі материалдық және дотациялық көмек көрсетеді", - дейді ол.

Жоғары оқу орнында тер төгіп, жұмыс пен оқуды қатар алуға жүруге мүмкіндік болса да, көптеген студент жақсы жалақы алғысы келеді. Айталық, программист мамандығы бойынша оқып жүргендердің мүмкіндігі көбірек. Оларға табысы жоғары, әрі мамандық бойынша жұмыс табу жеңіл.

Сонымен қатар тәлімгерлер ыңғайлы жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсету саласында даяшы, курьер, сатушы болып еңбек ете алады.

"Даяшы кезекшілік бойынша жұмыс істейді. Мұны оқумен бірге алып жүруге болады. Бірақ мұның болашақ мансабыңмен байланысы жоқ. Тек қаржылық қажеттіліктеріңді өтеу үшін керек, - дейді Георгий Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің аспиранты, Беларусь азаматы Степан Клочков.

Шетелдік студент Ресейде жұмыс істеу үшін оның жасы 18-де болуы шарт әрі РФ ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқарманың рұқсаты қажет. Бұл құжат мемлекеттік аккредитациясы бар оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алатын, мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетін тәлімгерлерге беріледі.

ЖОО жұмыс табуға көмектеседі

Сабақтан бос уақыттағы жұмыс істеу студентке ақша әкеліп қана қоймай, оған мамандығы бойынша тәжірибе жинауға, кәсіби деңгейде өсуге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе жинағыңыз келсе, жоғары оқу орнындағы мансапты дамыту орталығының көмегіне жүгіне аласыз.

Орталық қызметкерлері студенттерге ақыл-кеңес беріп, сапалы түйіндеме жасауға, жұмыс берумен сұқбаттасу кезінде не айту қажеттігін үйретеді.

Сонымен қатар университеттерде бір жылда бірнеше рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда түлектер жұмыс табады немесе мамандығы бойынша тағылымдамадан өте алады.

Тағы оқыңыз: Елімізде бес университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды

Тағылымдама арқылы жұмысқа орналасу

Тағылымдаман өтудің қандай пайдасы бар? Ол бірден ақша әкелмейді. Алайда тәлімгер жұмыс берушімен байланыс орнатып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде ол мамандығы бойынша жұмыс істей алады.

Людмила Коваленко - Sputnik Қазақстан
Болашақ дәрігер өзі таңдаған жоғары оқу орны жайлы не білуі тиіс?
Жақсы компанияда тағылымдаман өту түйіндеме үшін жақсы. Көптеген студент диплом алғанға дейін біраз жерде тағылымдаман өтіп, тәжірибе жинайды. Бұл оларға оқу бітіргеннен кейін жақсы жерде жұмыс істеуге жағдай жасайды. Өйткені ірі халықаралық компаниялар студентті тағылымдамасыз жұмысқа алмайды.

Георгий Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің аспиранты Степан Клочков жоғары курста оқитын студенттер ірі корпорацияларда тағылымдамадан жиі өтетінін айтады.

"Болашақ қаржыгерлер үшін бұл ірі банктер мен компаниялар, менеджерлер үшін индустриалды компаниялар, маркетологтар үшін танымал тауар өндіруші кәсіпорындар. Мұндай компаниялар студенттерге арнайы бағдарлама ұсынады. Осы арқылы олар сапалы тәжірибе жинай алады", - деп атап өтті ол.

Жақсылап ойланыңыз

Әрбір студент жұмысқа орналасар алдында "оқумен жұмысты қатар алып жүре аламын ба?" деген сұрақ төңірегінде жақсылап ойлануы қажет.

"Менің мамандығым бойынша (қаржы, аудит, бағалау және т.б.) сабақ пен жұмысты қатар алып жүру оңай емес. Себебі, бұл көп уақытты алады, әрі іс-сапарға шығу керек ", - дейді Степан Клочков.

Ал студент Руфат Гаппаров білім алып жүріп, жұмыс істеу ыңғайсыз деген пікірде. Өз күшіңізді ескерген жөн, дейді ол.

"Мен демалыс күндері ғана жұмыс істеймін. Себебі, осы уақыт маған ыңғайлы", - дейді өзбекстандық студент.

Мамандығы бойынша жұмыс істейтін студенттер оқытушылар олардың мәселесіне түсіністікпен қарайтынын айтты. Жастар мамандығы бойынша еңбек етіп, тәжірибе жинағысы келсе, жұмысқа деген ынтасы болса, болашағының жарқын болғанын қаласа, кел келген қиындықты еңсеретіні анық.

Жаңалықтар
0