Әлем

Болашақ дәрігер өзі таңдаған жоғары оқу орны жайлы не білуі тиіс?

© Photo : Сургут мемлекеттік университеті ұсындыЛюдмила Коваленко
Людмила Коваленко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адам өміріне араша түсетін дәрігер мамандығы – өте жауапты іс. Сондықтан ақ халаттылар үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Дәрігер болуды армандайтын жастар дүниенің кез келген түкпірінде сұранысқа ие болуы үшін не нәрсеге мән бергені жөн? Осы және өзге де сұрақтарға Сургут мемлекеттік университеті медицина институтының директоры Людмила Коваленко "Россия сегодня" ХАА "Социальный навигатор" тілшісіне берген сұқбатында жауап берді.

- Людмила Васильевна, солтүстік медицинасының ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап өтсеңіз. Неге көбі Сургутқа келіп емделеді?

- Ханты-Мансийск автономды округінің үкіметі денсаулықты экономикалық категория ретінде қарастырады. Сондықтан денсаулықты сақтауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға зор мән береді. Халықтың жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылуы елдегі орташа көрсеткіштен жоғары, ал оның қолжетімділігі Еуропа елдерімен шамалас. Бұл Ресей тұрғындарына ғана емес, шетелден келген азаматтарға да көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жуырда округ аумағында Жоғары биомедициналық зерттеулер орталығы құрылады. Орталықтың зертханалары Ресей ғалымдарының жұмыстары үшін ғана емес, шетелдік зерттеушілер үшін де тартымды. Бұдан бөлек, таяуда бізге Ресей, Германия, Швейцария, Нидерланды және басқа да елдердің жетекші ғалымдары ат басын бұрады.

- Сіздің ойыңызша, бүгінде медициналық білім қаншалықты танымал? Сіздің түлектеріңіз әлемде сұранысқа ие ме?

- Иә, медициналық білім жоғары сұранысқа ие. Институтқа түсу кезіндегі конкурс жылдан-жылға өсуде, қазір бізде Ресейдің 35 өңірінен, сондай-ақ, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан келген студенттер оқиды. 25 жыл ішінде Сургут мемлекеттік университетінің медицина институты "Емдеу ісі" және "Педиатрия" мамандықтары бойынша 1,5 мың дәрігер, 2000-нан аса ординатор мен интерн даярлап шығарды.

© Photo : Сургут мемлекеттік университетінен алындыИнститут директоры оқу орнының түлектерімен бірге
Болашақ дәрігер өзі таңдаған жоғары оқу орны жайлы не білуі тиіс? - Sputnik Қазақстан
Институт директоры оқу орнының түлектерімен бірге

Бүгінде қаланың бастапқы денсаулық сақтау бөлімінде еңбек ететін әрбір төртінші дәрігер біздің институттан түлеп ұшқан. Сургут округтік клиникалық ауруханасында штаттағы дәрігерлердің 42%-і – біздің түлектер, травмотология орталығында – 38%, клиникалық перинаталды орталықта – 25%. Студенттеріміз Германия, Израиль, Швеция, Бразилия, Қазақстан және басқа да елдерде дәрігер болып істеп, жоғары оқу орнының атын шығаруда.

- Институт шетелдік әріптестерімен және студенттермен ынтымақтаса жұмыс істей ме? Мұндай тәжірибе қай елдермен жолға қойылған?

- Біз өз еліміздің де, шетелдік әріптестерімізбен де тығыз қарым-қатынастамыз. Институттың Халықаралық медицина білімі қауымдастығының мүшесі болғанына біраз болды. Біздің әріптестеріміз жыл сайын осы ұйымның конференциясында баяндама жасайды, әртүрлі жылдары біз Вена, Глазго, Барселона, Базель, Милан, Прага, Лион және басқа қалаларда медициналық білім саласындағы тәжірибелерімізбен бөлістік. Бес жыл бұрын институт IFMSA RUSSIA - International Federation of Medical Students ұйымына қосылды.

© Photo : Сургут мемлекеттік университетіМедицина институтында білім алып жатқан болашақ дәрігерлер
Болашақ дәрігер өзі таңдаған жоғары оқу орны жайлы не білуі тиіс? - Sputnik Қазақстан
Медицина институтында білім алып жатқан болашақ дәрігерлер

Академиялық мобильдік аясында студенттеріміз Германия, Жапония, Хорватия, Грекияның университеттік клиникаларында білім алды. Жыл сайын қазақстандық студенттер мен резиденттер академиялық мобильдік бағдарламасымен бір семестр бойы оқиды. 2020 жылдың қаңтарында біздің институтқа Бразилия студенттері келеді. Институтын ғылыми зерттеулер саласында Қазақстан, Испания, Сербия, Хорватия, Грекия, Германия, АҚШ, Чехия және Қытай елдерімен серіктестік орнатты.

- Болашақ дәрігерге ғылыми қызмет пен үздіксіз ізденіс өте маңызды. Институт инфрақұрылымы осы жағын қалай ескеріп жатыр?

- Университетте жас маманның үздіксіз кәсіби дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Ординатурада 31, аспирантурада 16 мамандық бойынша дәрігерлер даярланады, сондай-ақ, докторантура ашылды. Аспиранттар мен докторанттар өз зерттеулерін біздің диссертациялық кеңестерде қорғай алады. 2013 жылы университетте медициналық білімнің халықаралық стандарттарына сай жарақталған симуляциялық-тренингтік аккредитация орталығы ашылды.

Бұдан бөлек, біздің студенттер университеттің клиникалық базаларында практикалық даярлықтан өтеді. Медицина институты клиникалық кафедраларының қызметкерлері де дәрігер даярлауға атсалысады. Олар педагогикалық қызметке қосымша дәрігерлік қызметті де жүзеге асырады.

- Қалай ойлайсыз, әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие болу үшін болашақ дәрігерге не қажет?

- Дәрігер мамандығында білім алатын студенттің клиникалық медицинада практикалық машығы болғаны абзал. Молекулярлық биология, генетика, клеткалық технологиялар мен биоинформатикадан терең іргелі білімі болуы қажет.

© Photo : Сургут мемлекеттік университетіБолашақ дәрігерлер медициналық көмек көрсетуді үйреніп жатыр
Болашақ дәрігер өзі таңдаған жоғары оқу орны жайлы не білуі тиіс? - Sputnik Қазақстан
Болашақ дәрігерлер медициналық көмек көрсетуді үйреніп жатыр

Қазіргі уақыт –  жаңа технологиялардың заманы. Медицинаны біртіндеп биологизациялау дәрігер даярлауда басқа әдістерді талап етеді, іргелі дисциплиналар блогын нығайту қажет.

Жақын арада дербестендірілген медицина сарапшысы, клиникалық биоинформатик, молекулярлы диетолог, ұзақ өмір сүру жөніндегі консультант секілді мамандықтар пайда болады. Бұдан бөлек, дәрігерлердің жалпы адамгершілік құндылықтары өзгеріссіз қалады: аяушылық, парыз, ар-ождан, әділдік, дәрігерлік құпияны сақтай білу, моралдық және әлеуметтік жауапкершілік. Институтта болашақ ақхалаттылардың бойына мұндай қасиеттер арнайы әзірленген "Мамандықтағы имидж", "Кәсіби қызметтің әлеуметтік-психологиялық негіздері", "Әлеуметтік жауапкершіліктің тұжырымдамалық негіздері" бағдарламалары арқылы сіңіріледі.

Жаңалықтар
0