Қоғам

"Жатақханада бірге тұрдық": Тоқаевтың курстасы оның қандай студент болғанын айтты

© Sputnik / Дмитрий Дубинский Посол России в Швейцарии Сергей Гармонин
Посол России в Швейцарии Сергей Гармонин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың курстасы, ресейлік дипломат Сергей Гармонин Sputnik Қазақстанға MМХҚИ түлектері бір-бірін ешқашан ұмытпайтынын және әлемнің кез келген елінде кездесетінін айтты  

МӘСКЕУ, 15 қазан – Sputnik. Ресейдің Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі Сергей Гармонин Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (MМХҚИ) Қазақстанның болашақ басшысымен бірге өткізген жылдарын еске түсірді.

"Бес жыл бойы біз MМХҚИ -де бір курста оқыдық. Жомарт, біз оны солай атайтынбыз, ол жетінші академиялық топта оқыды – оларда қытай, корей және вьетнам тілі болды, ал мен сегізінші топта болдым  – біз бирма, жапон және урду тілін оқыдық. Біз "шығыстықпыз", - деді Сергей Гармонин Sputnik тілшісіне.  

Оның айтуынша, қытай тілін үйрену үшін ықылас пен қабілет жеткіліксіз, музыкалық есту қабілеті де қажет.

"Қытай тілі – ең қиын тілдердің бірі. Көптеген иероглифті жаттап алу өз алдына, бұл үндестік тіл болғандықтан қандай да бір сөз дыбысталуына байланысты мағынасын өзгертеді. Қасым-Жомарттың есте сақтау қабілеті ғана емес, сонымен қатар музыкалық есту қабілеті де жақсы болса керек", - деді Сергей Гармонин.

Ресейлік дипломат Тоқаевпен бірге институтта оқып қана қоймай, сонымен бірге бір жатақханада тұрды. Екеуі де басқа қаладан келген.

Дипломаттың айтуынша, бұл жатақхана әлі де сол жерде тұр. Ол жатақханадағы өмірдің санада көмескілене түскенін айтады, бірақ ортақ ас үйде вьетнамдық студенттер пісірген қуырылған майшабақтың хош иісін ұмыту мүмкін емес.   

"Біз қарапайым өмір сүрдік, керемет ештеңе болған жоқ. Барлық студент пен жатақхана бірдей деп ойлаймын", - деп жымиды Гармонин.

© Sputnik / Дмитрий Дубинский Ресейдің Швейцариядағы елшісі Сергей Гармонин
 Жатақханада бірге тұрдық: Тоқаевтың курстасы оның қандай студент болғанын айтты - Sputnik Қазақстан
Ресейдің Швейцариядағы елшісі Сергей Гармонин

Ол демалуға көп уақыт болмағанын айтады – студенттер көп уақытын оқу залында, лингафон кабинеттерінде өткізетін. Жалпы пәндерден бөлек, көп уақытты тілдерге арнауға тура келген.

Гармонин өзін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақын досымын дей алмайды, бірақ жақсы таныс. Айтуынша, егер олар құрылыс жасақтарына бірге барғанда, дос болып кетуші еді. Сергей Гармонин Сахалинде екі рет болды, курстастарының кейбірі Якутскте, Шикотанда жұмыс істеді. Бірақ құрылыс жасақтарының арасында Тоқаевтың болғаны есінде жоқ.

Тағы оқыңыз: Беларусь президенті Тоқаевтың қандай адам екенін ашық айтты 

"Қасым-Жомарт үйіне асыққан болса керек – өйткені ол ұзақ уақыт бойы отбасы мен достарынан жырақта болды, ол Қазақстанға бару үшін кез келген мүмкіндікті жібермеуге тырысты", - дейді Сергей Гармонин.

Гармонин мен Тоқаев MМХҚИ-ді 1975 жылы бітірді, бірақ олардың жолдары үнемі түйісіп отырды – екеуі де карьерасын дипломатиялық қызметте бастады. Сергей Гармонин мен Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО сыртқы істер министрлігі арқылы іссапарға жіберілді.

"Ұмытпасам, Қасым-Жомарт алдымен Сингапурға, содан кейін Қытайға жіберілді. Айтпақшы, ол Қытайда университетте тілдік тағылымдамадан өтті. Ал бізде тілді өте жақсы білетіндерге ғана тілдік тағылымдамаға жолдама беретін", - деп атап өтті дипломат.

Курстастар Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірнеше рет кездесті, бұл Тоқаев Қазақстанға оралып, мемлекеттік қызметке ауысқан кез.

© Sputnik / Дмитрий Дубинский Ресейдің Швейцариядағы елшісі Сергей Гармонин
 Жатақханада бірге тұрдық: Тоқаевтың курстасы оның қандай студент болғанын айтты - Sputnik Қазақстан
Ресейдің Швейцариядағы елшісі Сергей Гармонин

"Кейінірек Тоқаев екеуміз әртүрлі елдерде кездестік. Мен Ресейдің Нью-Йорктегі бас консулы болып жұмыс істеген кезімде Қасым-Жомарт парламенттің жоғарғы палатасының басшысы болды, біз өткізген MМХҚИ түлектерінің жеке кездесуіне келді", - деп еске алды Сергей Гармонин.

Ол кездесудің Бас консулдықта болғанын түсіндірді – сол кезде Нью-Йоркте болған немесе сол жерде жұмыс істейтіндердің бәрі шақырылды. Дәл сол сәтте Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына Нью-Йоркке ұшып келіп, шақыруды қуана қабылдаған.

Жаңалықтар
0